Қазақстан • 26 Сәуір, 2017
Жыр компьютермен жазылмайды...
Ұзынағаштағы Қарасай батыр атындағы Мәдениет үйінде жырсүйер қауым қаламгер Манарбек ізбасардың үш кітабының тұсауын кесті.
Қазақстан • 26 Сәуір, 2017
Біздің еліміз, шын мәнінде, Ұлы Дала елі. Жоғары технологиялар қарыштаған қазіргі кезеңде және әлем келбеті сан құбылып тұрған кезде еліміздің тәуелсіздігі Ұлы Даланың қайта түлеуі болды.
Театр • 26 Сәуір, 2017
Ақтөбеде Қазақстан драма театрларының ІІ республикалық фестивалі өтті
«ЭКСПО–2017» халықаралық көрмесі шеңберінде Ақтөбеде өткен Қазақстан драма театрларының ІІ республикалық «Балауса» экспериментальды қойылымдар фестивалінен С. Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының ұжымы үлкен олжамен оралды.
Қазақстан • 26 Сәуір, 2017
Ассамблея немесе Ассамблея мүшелері дегеніміз – бүгінгі этносаралық қарым-қатынасқа саяси әр кіргізу үшін айтыла салатын әншейін әдемі, жылтыр сөз емес. Күнделікті өмірде конституциялық орган мәртебесін иеленген Ассамблеяның қадір-қасиетін екінің бірі айтарлықтай сезіне бермеуі де мүмкін. Тіпті, сезінбек түгілі: Ассамблея, Ассамблея мүшелері, этномәдени бірлестіктер дейсіз бе?! Е, бұл жөнінде күн сайын айтылып, газет беттерінде жазылып, теледидарда көрсетіліп жүр емес пе? Білеміз, әрине, бұл елімізде бірлік пен тыныштықты сақтауға өте қажетті қоғамдық құрылым ғой деп әлдебіреулер ақылгөйлік таныта салуы да ғажап емес.
Қазақстан • 26 Сәуір, 2017
Қазақ халқының бірлікке, татулыққа үндейтін даналық сөздері жаныма ерекше жақын. Елбасымыздың көпвекторлы ішкі-сыртқы саясаты ата-бабаларымыздың бейбітсүйгіш ұстанымын айқын танытатынын қазақстандық тәжірибеден көріп-біліп жүрміз.