Қазақстан • 25 Сәуір, 2018
Астанада орталық сараптама кеңесінің кезекті мәжілісі өтті
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия жанындағы Орталық сараптама кеңесінің кезекті мәжілісі өтті.
Қазақстан • 25 Сәуір, 2018
«Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын талқылау жұмыстары басталды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында тарихты тану, болашақты бағдарлау керектігін міндеттей келе, алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлем ғалымдары жазған ең үздік 100 кітапты қазақ тіліне аудару керектігін, сондай-ақ жастарға дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасау қажеттігін айтқан болатын. Президент тапсырмасына сәйкес, елімізде Ұлттық аударма бюросы құрылып, жоғары оқу орындарына арналған гуманитарлық бағыттағы таңдаулы оқулықтар қазақ тіліне аударыла бастады. Жуырда ғана Астана қаласында жиын өтіп, сол жолы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «100 жаңа оқулық» бағдарламасы аясында қазақ тіліне аударылған алғашқы 18 кітап таныстырылған еді. Осы орайда еліміз бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының бірыңғай күні ұйымдастырылып, ауқымды шара аясында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын талқылау жұмыстары басталды.
Қазақстан • 25 Сәуір, 2018
Оралда Мәдениет саласының үздіктері анықталды
Орал қаласында мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына» атты облыстық фестивалі өтті. Фестивальде музей, кітапхана және мәдениет үйі қызметкерлері марапатталып, үздіктер Астана қаласында өтетін республикалық байқауға жолдама алды.
Қазақстан • 25 Сәуір, 2018
Таңсұлу Алдабергенқызының «Әйелмен әлем әдемі» атты кітабының тұсаукесері өтті
Әртүрлі мазмұндағы кітаптардың ішінен әлемнің мойнына әшекей болып тағылған әйел туралы жазылған қалың томдар түгілі, пышақтың қырындай жұқалтаң кітаптың өзі кез келген санаттағы оқырманның қызығушылығын еріксіз оятатын ерекшелігі бар көрінеді. Әсіресе әйел туралы оқу әйелдің өзіне қызық. Жақында белгілі журналист, «Түркістан» халықаралық саяси апталығының қызметкері Таңсұлу Алдабергенқызының «Әйелмен әлем әдемі» атты жаңа кітабының тұсаукесер-таныстырылымына жиналған қыз-келіншектердің лебізі, олардың қуанышы осыны аңғартты.
Қазақстан • 25 Сәуір, 2018
Қостанайда сенаторлар көшпелі отырыс өткізді
Қостанайда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын жүзеге асыру аясында халықтың өзін өзі жұмыспен қамтыған бөлігінің қызметін заңдастыру жөніндегі 2018-2019 жылдарға арналған Жол картасының орындалу мәселелерін қараған көшпелі отырысы болып өтті.