Хоккей • 30 Сәуір, 2018
Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының жоғары топқа жолы болмады
Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Венгрия астанасы Будапешт қаласында өткен әлем чемпионатының соңғы матчында Польша құрамасын 6:1 есебімен жеңгенімен, екінші жыл қатарынан ТОП дивизионға жолдама ала алмады.
Бокс • 30 Сәуір, 2018
Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы тұңғыш жекпе-жегін сәтті бастады. АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында орналасқан «Барклайс» аренасында өткен кездесуде отандасымыз америкалық боксшы Ноа Киддті үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.
Күрес • 30 Сәуір, 2018
Әбу-Дабиде өткен әлем біріншілігінде Жібек Құлымбетова чемпион атанды
Газетіміздің өткен сандарының бірінде «Жігітті жеңген Жібек» деген тақырыппен джиу-джитсумен айналысуды жастайынан жанына серік еткен алматылық мектеп оқушысы Жібек Құлымбетованың ер балалар арасындағы халықаралық турнирге қатысып, жеңімпаз атанғанын жазған болатынбыз.
Күрес • 30 Сәуір, 2018
Алаштың абыройлы азаматы, даңқты балуан, Мәскеу олимпиадасының чемпионы, бүгінде бедел биігіне көтерілген көрнекті тұлға, Қазақстанның Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіровті көптен бері білуші едім. Ол туралы қалам тартып жүргенім тағы бар. Жайсаң ағаның жан сырындай төмендегі мөлтек әңгімелерді «Егемен Қазақстан» оқырмандарына ұсынғанды жөн көрдім.
Өнер • 30 Сәуір, 2018
Суретшілер одағының кезекті ХVІІІ құрылтайы өтті
Алматыда еліміздегі ең байырғы шығармашылық одақтардың бірі – 85 жылдық тарихы бар Қазақстан Суретшілер одағының кезекті ХVІІІ құрылтайы өтті. Қазақстандағы суретшілер мен өнертанушылардың басын біріктіретін одақтың 1100 мүшесі бар және облыстарда 17 бөлімшесі жұмыс істейді. Құрылтайдың ашылуына Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Әділ Жоламанов қатысып, төрт жылда бір рет өтетін өнер шеберлерінің маңызды шарасының жұмысына сәттілік тіледі.