Шот-Аман Уәлиханов – Қазақстан мен одан тысқары мемлекеттерге танымал сәулетші, қоғам қайраткері, көптеген ғылыми-танымдық еңбектердің авторы, халыққа сыйлы азамат. Оның төл туындысы – егемен еліміздің Елтаңбасы Қазақстанды әлемге танытып келеді! Осындай сөзге шешен, ойға жүйрік аса дарынды адамның сәулет өнерінде ізі ерекше.
Аймақтар • 27 Сәуір, 2017
Жақында Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінде Ақмола сыртқы округінің алғашқы аға сұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендеұлының сауы- ты сақтаулы тұрғаны туралы сүйінші хабарды естідік. Оны бізге алғаш хабарлаған аға сұлтанның тікелей алтыншы ұрпағы Асылбек төре Алтынов болды. Құнды мұраның құжатында: «Жуан темір сым- нан тоқылған торкөз сауытты Ақмола қаласына 1924 жылы Тұнғатаров деген азамат әкелген. Қоңыр әулетіне тиесілі болған сауыт Ақмола округінің 1832 жылы аға сұлтаны болған Қоңырқұлжа Құдаймендеұлыныкі» деп жазылған. Ал, экспонат Қарағанды музейіне 1935 жылы жеткізіліпті. Осы жерде бірнеше сұрақ туындайды. Ақмола музейінде тұрған Қоңырқұлжаның сауыты не үшін Қарағандыға әкелінген? Тұнғатаров деген азамат кім және оған ол жәдігер қалай тап болған?
«Құс жолының» қиқулы тарихы - 4
Түркілердің бастапқы өркениет ошағы хақында
Қазақстан • 27 Сәуір, 2017
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
27 сәуірде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінің кей жерлерінде жаңбыр жауып, тек батыс және шығыс бөлігінде ауа-райы жауын-шашынсыз болады.
Қазақстан • 27 Сәуір, 2017
Бәсекеге қабілетті жас буын қалыптасады
Қазақстан Республикасы әлемнің дамыған отыз елінің қатарына қосылу мақсатын бағындыруға бет бұрды. Келешек ұрпақ игілігі үшін Мемлекет басшысы Н.Назарбаев елімізді жаңару мен жетілу бағытында алға жетелеп келе жатыр.