Қоғам • 02 Сәуір, 2018
«Көп қорқытады, терең батырады», «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» дейді қазақ. Бұл айтылғандардың бәрі егер қандай да болмасын халық саны жағынан неғұрлым көбірек болса, одан оның ұтылмайтынын, керісінше оның өзі сол ұлттың белгілі бір дәрежеде табысқа жетуіне ықпал ететінін білдіреді.
Аймақтар • 01 Сәуір, 2018
Шымкентте бір миллионнан астам қызғалдақ гүлі отырғызылды
Облыс орталығы Шымкентіңізді жұрт үшінші мегаполис атап жүр. Соңғы жылдары құрылыс қарқын алған қаланың жасылын жоғалтпауы маңызды. Бұл орайда, қала әкімдігі көше бойлары мен тұрғындар демалатын орындарды гүлмен көмкеруде.
Қазақстан • 01 Сәуір, 2018
Қазақстан мен Өзбекстанның аграрлық жоғары оқу орындары әріптестік меморандумын жасасты
Ағымдағы жылдың 30-31 наурыз күндері аралығында Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі Тілектес Есполов бастаған делегация Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механизациялау институты басшылығының шақыртуымен Өзбекстанда арнайы жұмыс сапарымен болды. Бұл туралы kaznau.kz хабарлады.
Аймақтар • 01 Сәуір, 2018
Зырянның тоғыз бірдей ауылын су басып жатыр
Шығыс Қазақстан толассыз келіп жатқан тасқын суымен күн-түн демей арпалысып жатыр. Осы уақытқа дейін өңірдің төрт ауданы (Аягөз, Глубокое, Шемонаиха, Зырян) мен бір қаласында (Семей) жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланғаны белгілі. Әсіресе дәл қазіргі уақытта Семей шаһары мен Зырян ауданы тұрғындарына қиын тиюде.
Қазақстан • 01 Сәуір, 2018
«Астана Опера» театрында австриялық композиторлардың туындылары ойналады
10 сәуір күні «Астана Операның» Камералық залында «Мәңгілік вена классикасы» шырқалады. Австриялық ұлы композиторлардың туындылары дирижер Эльдар Сапараевтың жетекшілігімен «Астана Опера» Камералық оркестрінің орындауында көрермен назарына ұсынылатын болады. Солист – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театр оркестрінің солисі, керемет скрипкашы Бағдат Әбілханов, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.