Қазақстан • 03 Сәуір, 2017
«Димаш пен Қазақстан егіз ұғымға айналды»
Бүгінде Димаш Құдайберген есімі ел аузында, қазақ біткеннің сүйсіне, шаттана, рухтана әңгімелейтін басты кейіпкерге айналды. Димаш өз өнерімен миллиардқа жуық қытай халқын ғана емес, төрткүл дүниенің өнерсүйер қауымына таңдай қаққызды. «Азияның үздік әншісінің» дабылы қарт құрлық түгілі мұхиттың арғы бетіндегі алып елдің жұртына дейін жетті. Жеткені емей немене, Нью-Йорк көшелерінде алаш оғыланының бейнесі менмұндалап тұрса! Қазақтың әншілік қабілетінің құдіретін миллиардқа танытқан Димаштың өміріндегі соңғы өзгерістер туралы білгісі келетіндер көп-ақ. Жанкүйерлер ғана емес, журналист біткен әншінің жолын торуылдап жүр десек артық айтқандық емес. Алайда, әзірге Димаш Құдайбергеннен сұхбат алу мүмкін емес. Сол себепті «Егемен Қазақстан» газеті тілшісінің сауалдарына бұл жолы әншінің менеджері Алпамыс Шаримов жауап береді.
Қазақстан • 03 Сәуір, 2017
Павлодарлық имамдар WhatsApp мессенджері арқылы сұрақ-жауап желісін ашты
Павлодарлық имамдар WhatsApp мессенджері арқылы сұрақ-жауап желісін ашты, - деп хабарлайды "Мәшһүр Жүсіп" мешітінің баспасөз қызметі.
Президент • 03 Сәуір, 2017
Назарбаев пен Әлиев кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевпен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент • 03 Сәуір, 2017
Елбасы ұлттық валютаны қолдану туралы Жарлыққа өзгеріс енгізді
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын қолданудың кейбір мәселелері туралы» ҚР Президентінің Жарлығына өзгеріс енгізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Әлем • 03 Сәуір, 2017
Санкт-Петербург метросында жарылыс болды
Санкт-Петербург қаласындағы «Сенная площадь» метро стансасында жарылыс болды. Алдын ала деректер бойынша, қаза тапқандар бар, бірақ нақты саны белгісіз, деп хабарлайды BBC.