Аймақтар • 27 Сәуір, 2017
Бағдарлама мақсаты – жетімдерді қолдау
«Бабамыздың шоқ басқан табанымен, бірдей екен жақсысы жаманымен» деп қазақ поэзиясының патриархы Қадыр Мырза Әлі жырлағандай, халқымыздың жақсы қасиеттерінің бірі – жетімін қаңғыртпау, далаға тастамау. Өсіп, ер жетіп адам болып кетуіне қолұшын беру. Бабалардан жұққан осы қасиетіміз бен мәрт мінезіміз әлі күнге дейін жалғасын тауып келеді. Бұған жыл сайын өсіп-өркендеп келе жатқан Ақтөбе аймағынан да көптеген мысалдар келтіруге болады.
Қазақстан • 27 Сәуір, 2017
Журналистерге арналған «Үркер» сыйлығы тағайындалды
Баспа, радио және интернет журналистика саласына арналған тұңғыш ұлттық «Үркер» сыйлығы жарияланды. Бұл туралы Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев өзінің facebook парақшасында хабарлады.
Көрменің көрігін спорт қыздырады
Ағымдағы жылдың 10 маусымында Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі келушілерге айқара есік ашады. Күллі әлем көз тіккен көрменің өтетін мерзімі жақындаған сайын бойды толқыныс сезімінің билейтіні түсінікті жайт. Иә, «Қонақ аз отырып, көп сынайды». Әлемнің әр қиырынан ағылған меймандардың алдында жайылып жастық, иіліп төсек болу өз алдына, қолдағы барды көрсете білудің өзі өнер һәм зор міндет.
Ат спорты • 27 Сәуір, 2017
Балаларды ат спортына баулып жүр
Тарбағатай ауданында екі ат спорты мектебі бар. Соның бірі аудан орталығы Ақсуаттың іргесіндегі Екпін ауылында орналасқан. 2016 жылы ашылған спорт мектебінің директоры Болат Қойбағаров бұл жердің бүгінде ауыл балаларының сүйікті орнына айналғанын айтады.
Күрес • 27 Сәуір, 2017
Өткен сенбі, жексенбі күндері Алматыда Қазақ елі Дзюдо федерациясының Құрметті президенті Бекет Махмұтов жүлдесі үшін жастар арасында дзюдодан халықаралық турнир өтті дүрілдеп. Сол турнирдің салтанатты ашылу сәтінде Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбырайымов Бекет ағаны алтын медальмен марапаттады. Бұл – 1996 жылғы Атланта олимпиадасы алтын медалінің көшірмесі. Олимпиада комитетінің медалі де табыс етілді.