Аймақтар • 02 Сәуір, 2018
Агротехникалық университет пен Қостанай облысы әкімдігі өзара меморандумға қол қойды
Меморандум шеңберінде екі жақ ауыл шаруашылығын цифрландыру жұмыстарын атқаратын болады. Осыдан шамалы күн бұрын облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев басқарған делегация Архимед Мұхамбетовтың тапсырмасымен Астана және Алматы қалаларында болып, ауыл шаруашылығын цифрландыруға байланысты ірі екі білім ордаларында маңызды кездесулер өткізген болатын.
Қазақстан • 02 Сәуір, 2018
«Таңсәрі» фильмі Мәскеу халықаралық кинофестивалінің басты байқауына қатысады
Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Таңсәрі» толықметрлі көркем фильмі 2018 жылы 19-26 сәуір аралығында Ресей астанасында өтетін ХХХХ Мәскеу халықаралық кинофестивалінің негізгі конкурсына іріктеліп алынды. Бұл туралы бүгін «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 02 Сәуір, 2018
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVI сессиясы өтеді
Жақын күндері Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVI сессиясы өтеді. Келелі жиында «Бес әлеуметтік бастама – қоғамның әлеуметтік бірлігінің тұғыры» тақырыбын қамтитын болады деп хабарлайды «Egemen.Kz» тілшісі.
Аймақтар • 02 Сәуір, 2018
Қызылорда облысында депутаттар халықпен кездесуде
Қызылорда облысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко бастаған депутаттар халықпен кездесуді жалғастырып жатыр деп хабарлайды «Egemen.Kz» тілшісі.
Аймақтар • 02 Сәуір, 2018
Қызылорда облысында күн және электр стансаларының құрылысын жүргізу жоспарлануда
Қызылорда облысында күн және электр стансаларының құрылысын жүргізу жоспарлануда.