Қазақстан • 03 Сәуір, 2018
Қазақстанда денсаулық сақтау саласын ақпараттандыру жобасы басталды
Елімізде денсаулық сақтау саласын ақпараттандыру жобасы басталды. Бүгінде Ақмола, Қостанай, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарында қанатқақты жоба бойынша медицина мекемелерін ақпараттандыру тәжірибесі жүруде.
Қазақстан • 03 Сәуір, 2018
Онкология озық инновациямен емделеді
Жер бетінде қанша ауру болса, соның бәрінің шипасы барлығы қасиетті Құран Кәрімде жазылған. Кім-кімнің де өзінің онкологиялық дертке ұшырағандығы жайлы диагнозды естігенде тығырыққа тірелгендей күй кешетіні анық. Бірақ ертеңгі күн үшін күресте, өмірдің жалғасуында үміт соңғы сәттерге дейін сөнбей алға жетелейді. Және соңғы медицина жетістіктері метастаз жүрсе де, адам өмірін сақтап қалуға болатынын көрсетуде. Астанадағы «Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығында» осындай операциялар жасалып, сөніп бара жатқан үміт оты қайта жандануда.
Қазақстан • 03 Сәуір, 2018
Көлқамыстағы қайраткер ақсақал. Кәкімжан Кәрбозов туралы
Қайраткерлікті, ұлтына қызмет етуді біз қалай түсінеміз? Рас, ұлтымыздың бет-бейнесіне айналған тұлғаларымыздың орны бөлек. Бірақ Кәкімжан аға секілді ғұмырын өз ауылының өшпеуіне, гүлденуіне арнаған кісінің еңбегі ұлтына қызмет ету емес пе? Азаматтың кім екені елдің басына іс түскенде білінеді. Халқымызға тағы бір сын болып келген 90-жылдары сонау шалғайда жатқан Көлқамыс ауылының да іргесі шайқалған.
Қазақстан • 03 Сәуір, 2018
Біздің кейіпкеріміз Қаратайды Қаратай еткен де – Анна-Лиза ханымның алғаусыз көңілі, селкеусіз сезімі, кіршіксіз махаббаты! Ең бастысы, өз заманының азабы мен тозағын қатар көтеріп, бірге тартқан, шырмауықтай шырмаған мынау қу тірліктің дауылы мен жауынынан қол ұстасып бірге өткен қос мұңлықтың ішкі күш-қуатының беріктігі, рухының биіктігі деп білеміз.
Аймақтар • 03 Сәуір, 2018
Сарыағаш дегенде, әрине ең алдымен көз алдымызға Оңтүстік Қазақстандағы курортты қала елестейді. Сондай-ақ бұл атаудың әу бастағы түп-төркіні қалай және ол қандай ағаш деген сауалдың да ара-тұра көңіл түкпірінен қылаң беріп қалатыны анық.