Әлем • 03 Сәуір, 2018
Қазақстан Дубайдағы ЭКСПО көрмесіне қатысады
Дубай шаһарында 2020 жылдың 20 қазаны мен 2021 жылдың 10 сәуірі аралығында Дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі өтеді. «Болашақ үшін сана-сезімді біріктіру» тақырыбында, оның ішінде «Мүмкіндік», «Мобильділік» және «Тұрақтылық» деген ұғымдардан тұратын көрмені 25 миллионнан астам адам тамашалайды деп күтілуде. Жалпы, ЭКСПО көрмесі Таяу Шығыста алғаш рет өткізілмек.
Қазақстан • 03 Сәуір, 2018
Астанада Ішкі істер министрлігі жанындағы қоғамдық кеңесте БҰҰ-ның Азаптауға қарсы комитетіне Қазақстан тарапынан тапсырылатын Төртінші кезеңдік баяндама жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өтті.
Қазақстан • 03 Сәуір, 2018
«Әміре» фильмі көрерменге жол тартты
Кеше Астанада Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ пен Әлидар Өтемұратовтың Dar Play компаниясы бірлесе түсірген «Әміре» драмасының тұсаукесері өтті.
Қазақстан • 03 Сәуір, 2018
Абай мен Мәшһүр Жүсіптің ұстазы
Қазақ топырағында өмір сүрген оқымысты, діндар, тақуа жандардың бірі – Камараддин Бижомартұлы. Алаштанушы ғалым Мақсат Тәжімұраттың жазуына қарағанда, Камараддин хазіреттің шынайы есімі – Айжарық екен. Туған жері – Бөкей ордасы. «Камараддин», яғни «Діннің айы» деген ат бұл кісіге Бұқар медресесінде оқып жүргенде, білімге деген құштарлығы мен тақуалығы үшін берілгені жайында айтады («Астана» журналы, №2 (51), 2010).
Қазақстан • 03 Сәуір, 2018
«...Ән салса, ол өзін-өзі ұмытады, әннің әуеніне төңкеріледі, оның даусы көмейінен шықпайды, жүрегінен шығады. Ол әннің әр нақысын ұғады, әнді ғана сүйеді. Ән салса рақаттанып, гүл-гүл жайнайды. Көзі де, аузы да, денесі де, қолы да бірге ән салады. Әмірқан кісі емес, әнге айналады... ...Әмірқанның киімі де, жүріс-тұрысы да жат еді; қазақтың еркіндігін еске түсіруші еді...» Жүсіпбек АЙМАУЫТҰЛЫ