Аймақтар • 04 Сәуір, 2018
Енді балмұздақ сататын барлық нысандар тексеріледі
Кешегі күнге, 3 сәуірге дейін балмұздақ жеп уланғандардың саны 188 адамға жеткен оқиғаға байланысты жүргізілген алғашқы тексеру-анықтау жұмыстарының нәтижелері жария етіле бастады.
Тарих • 04 Сәуір, 2018
Әйгілі Әміре жайында Париж газеттері не жазып еді?
Бесінші сәуір жұлдызында қазақтың қайталанбас ғажайып әншісі Әміре Қашаубаевтың қиын-шырғалаң тағдыры жайлы баяндайтын «Әміре» атты үлкен киножоба қалың қауымға жол тартады. Фильмнің бұдан үш күн бұрын Астанада өткен жабық көрсетілімі кәсіпқой мамандар тарапынан аса тәуір бағаланғаны белгілі.
Медицина • 04 Сәуір, 2018
Көшедегі тағамға қадағалау бар ма?
Бұл күнде тағамның неше түрі дүкен сөрелерінде самсап тұр. Әсіресе күнделікті жұмысбастылықтан, күйбең тірліктен қолы босай қоймайтын қалалықтар үшін бұл үлкен жеңілдік. Тіпті шағын аудандарда таң бозынан айран, сүт, қаймақ сияқты өнімдерді айқайлап сатып жүретіндер де көптеп кездеседі. Ауылда тұрып, қолға мал ұстамаған соң таңсық көрінетін асты әркім-ақ сатып алуға құштар. Әр таң атып, әтеш шақырмай тұрып үй-үйлердің арасын аралап жүрген саудагерлер үшін де өнімінің өткені жақсы.
Күрес • 04 Сәуір, 2018
Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында даңқты балуан Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесі үшін грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында республикалық жарыс өтті. Еліміздің барлық аймағы, кейбір аудандар және мамандандырылған спорт мектептері жеке-жеке команда жасақтап, үш күн бойы боз кілемде айқасты.
Футбол • 04 Сәуір, 2018
Жаһандық жарыстар: Зидан жазда 8 футболшымен қоштаспақ
Испанияның «Реал Мадрид» клубының бас жаттықтырушысы Зинедин Зидан маусым аяқталған соң командадағы сегіз футболшыны сатуға дайын екенін айтты.