Руханият • 30 Сәуір, 2021
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы
Құрметті отандастар! Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Елбасы • 30 Сәуір, 2021
Қымбатты отандастар! Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтаймын!
Қазақстан • 30 Сәуір, 2021
Бәйтерек бейнелі елдің діңі – бірлік
Қазақ елі жапырақ жайған алып бәйтерек іспетті. Жайқалып өсіп, жыл өткен сайын бұтағына бұтақ қосып келеді. Бұтақ дегеніміз – татулығы балталаса да бұтарланбайтын этностары, жапырағы – жаңа өмірге жаны құштар жастары. Діңі – бір атаның баласындай біте қайнасқан бірлігі, тамыры – қатпар-қатпар тарлан тарихы. Тамырдан нәр алмаса, жаңа өмір жаралмайды. Тамыр бүлінсе, тарих үзіледі. Дің босайды, бұтақ қуарады. Тәубе, тәуелсіз елдің тәу етер татулығына сызат түсіп көрген жоқ. Айрандай ұйыған ынтымағымыз, келісімге деген кемел ынтызарымыз бар.
Спорт • 30 Сәуір, 2021
Келесі қарсыласы – «Барселона»
Бұл күндері Сербияның Задар қаласында футзалдан Еуропаның ең үздік сегіз командасының қатысуымен Чемпиондар лигасының финалдық кезеңі өтіп жатыр. Айтулы додада осы жарыста екі мәрте топ жарған Алматының «Қайрат» клубы да бақ сынауда. «Қайраттан» бөлек биылғы доп додасына Чемпиондар лигасының үш дүркін және ең кейінгі чемпионы «Барселона» (Испания), бес дүркін жеңімпазы «Интер» (Испания), сонымен қатар осы турнирде бір мәртеден топ жарған Португалияның «Спортинг» және «Бенфика», Ресейдің «Газпром-Югра», турнирге екінші мәрте қатысып жатқан КПРФ (Ресей) пен словениялық дебютант – «Добовец» командалары қатысып жатыр.
Президент • 30 Сәуір, 2021
Президент: Қырғыз бен тәжік басшылары мәселелерді бейбіт жолмен шешетініне сенімдімін
Кеше түнде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасындағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.