Қоғам • 21 Сәуір, 2021
Тасқын суларды өткізу жағдайы тұрақты
Теміржолшылар көктемгі су өтетін жерлерде тәулік бойы кезекшілік атқарып келеді. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта қостанайлық өңір теміржолшылары жоғары дайындық режімінде жұмыс істеуде.
Елбасы • 21 Сәуір, 2021
1991 жылдың 16 желтоқсан күні бекітілген еліміз тәуелсіздігінің ең алғашқы құжаты «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңда «Тарихи тағдыр ортақтастығы қазақ ұлтымен біріктірген Республиканың барлық ұлттардың азаматтары Қазақстанның біртұтас халқын құрайды, бұл халық Қазақстан Республикасындағы егемендіктің бірден-бір иесі және мемлекеттік биліктің қайнар көзі болып табылады, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары негізінде тікелей де, сондай-ақ өзі сайлайтын мемлекеттік органдар арқылы да мемлекеттік өкімет билігін жүзеге асырады.
Экономика • 21 Сәуір, 2021
Көмір индустриясындағы маңызды келісім
Көмір индустриясындағы әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу мақсатында жауапты мемлекеттік орган мен салалық өнеркәсіп жұмыс берушілері, сондай-ақ кәсіподақтар арасында 2021-2023 жылдарға арналған келісімге қол қойылды.
Технология • 21 Сәуір, 2021
Аяқ киімді цифрлы таңбалау енгізіледі
Биыл шілде айынан бастап елімізде міндетті аяқ киімді цифрлы таңбалау енгізу жоспарланған. Бұл – барлық аяқ киім өндірушілер мен импорттаушылар өз тауарларын арнайы екі өлшемді Data Matrix кодымен таңбалауы керек деген сөз. Барлық нормативтік-құқықтық актілер бекітілгеннен кейін, әлемнің басқа елдерінен, оның ішінде ЕАЭО-дан цифрлы таңбалаусыз тауар Қазақстан шекарасынан өте алмайды. Таңбаланбаған аяқ киімнің қалдықтарын жыл бойына сатуға болады.
Саясат • 21 Сәуір, 2021
Жеке куәліктің қажеті болмайды
Қазір елімізде цифрлы даму мәселесі күн тәртібінен түспей тұр. Жаңашыл бағыт қаптаған қағаз құжаттар айналымын азайтып, кез келген саладағы қызметті тұтыну кезінде сапаны арттырып, уақытты үнемдеуге негізделген. Енді азаматтардың нотариалдық келісім жасау кезінде жеке куәлікті қолданбай-ақ қоюына мүмкіндік беретін қызмет іске қосылмақ.