Аймақтар • 14 Сәуір, 2017
Мұнайлы аймақтың мүмкіндігі мол
Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының мән-маңызын атыраулықтар алқалы жиында бас қосып, талқыға салды.
Медицина • 14 Сәуір, 2017
Ел игілігіне қызмет ету – парызымыз
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасындағы маңызды тезистердің бірі тарих пен мәдениеттің ауқымдылығын сақтаудан және ұғынудан тұрады. Жаңа технологиялар жасалынатын болады, жаңалықтар ашылатын болады, бірақ Қазақстан халқына жаңа жасампаз істер мен жеңістерге тың күштер бере отырып, рухани құндылықтар мен іргелі білімдер, негіз өзгеріссіз қалады. Өйткені, Президент бағдарламасы өзінде қазақстандық ұлттық мінездің, ұлттық басымдықтардың, азаматтың жоғары стандарттарының із-таңбаларын қамтып отыр ғой. Президент орталық және негізгі бағыттарды таңдап алды, олар: ғылым, мәдениет, білім, рухани құндылықтар. Бұл – Қазақстан қоғамының бірігуінің және нығаюының жаңа тұжырымдамасы.
Медицина • 14 Сәуір, 2017
Нақты нәтиже мен ілкімді іс керек
Елбасының руханиятқа байланысты белгілеп берген міндеттерін талқылаудан Алматы қаласының зиялы қауымы мен шығармашылық өкілдері де сырт қалмай, «Достық» үйінің дөңгелек үстелі басында ой-пікірлерін ортаға салуға жиналды. Қоғамның қозғаушы күші саналатын қайраткерлер нақты нәтиже мен ілкімді іс талап етіп отырған Президент бастамасына орай парасатты көзқарасын білдіруде тартынып қалмады. Еркін ойлы ел ағаларының қай-қайсысы да «жыл келгендей жақсылық сезінгенін» айтып, көптен күткен қуаныш әсерінен әлі айыға алмай, тебіреністе жүргендерін жасырмады. Бұрын жекелеген адамдар немесе шағын топ арасында ғана айтылатын әңгіме қоғам бетіне қалқып шығып, «Рухани жаңғыру» деп аталатын бағдарламалық тұрпатқа ие мақаладан көрініс тапты. Бұл – қоғам үшін үлкен олжа. Ендігі мақсат, Елбасының өзі ұйытқы болып көтерген ұлттық мәселені зиялы қауымның мүмкіндігінше пайдаға асыруы ғана болып отыр.
Әлем • 14 Сәуір, 2017
Бұл – біздің көптен күткен жаңалық
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы ел ішінде ғана емес, шет мемлекеттерде, соның ішінде бауырлас елдерде зор қызығушылық тудырды. Латын әліпбиіне көшу мәселесін Әзербайжан елі қуана қабылдады. Бұл хабар Azerbaycan, Trend.az, Lent.Az, Modern.Az, Metbuat.Az, Teleqraf.Az секілді беделді жергілікті басылымдар мен BBC Azeri, Radio Liberty сынды шетелдік басылымдарда күннің басты жаңалығы ретінде жарияланды.
Қазақстан • 14 Сәуір, 2017
Мемлекеттік басқару саласындағы Азия сарапшылары Астанада бас қосты
Астанада азиалық елдердің ғалымдары мен практиктері мемлекеттік басқарудың өзекті мәселелерін, жаңа сынақтар мен инновациялық тәсілдерді талқылады. Мемлекеттік басқару азиялық қауымдастығының (AAPA) сегізінші конференциясы Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хаб пен ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы қолдауымен өтті.