Жансарай • 30 Сәуір, 2025
Ғалым Сүлеймен – Сейдахмет Бердіқұл негізін қалаған қазақ спорт журналистикасының көрнекті өкілдерінің бірі. Оның спорт тақырыбына қалам тартқанына отыз жылдан аса уақыт өтті. Спорт журналистикасы – әу бастан Ғалымның пешенесіне жазылған сорап. Ұлт дарабоздарына деген қылаусыз көңілі, елім дегенде ештеңеге айырбастамайтын шұғылалы пейілі оны спорт журналистикасының асқаралы биігіне бастады.
Қоғам • 30 Сәуір, 2025
Бауыржан Иманғалиев нарыққа бет бұрған кезде тұрмыс тауқыметі бағытын басқа арнаға бұрған көштің соңынан ілескен жоқ. Бұл – білімнің бағы тайған, руханият сәулесінің көмескіленген шағы еді. Сананы тұрмыс билеп, жұрттың көбі күнкөрістің қамымен кетті. Дегенмен Бауыржан алға қойған мақсатынан айнымай, ғылым жолына нық қадам басты.
Аймақтар • 30 Сәуір, 2025
Ауылнай – азаматтық қоғам өкілі
Қазталов – Батыс Қазақстан облысындағы ең ірі ауданның бірі. Бір қабырғасы Ресей Федерациясымен шектесіп жатқан осы өңірде 47 елді мекен, 16 округ орталығы бар.
Спорт • 30 Сәуір, 2025
Волейболдан Филиппинде өткен әйелдер арасындағы Азия чемпиондар лигасында «Жетісу» командасы жеңіске жетті. Жетісулық волейболшылар финалдық тартыста Вьетнам клубын 3:1 есебімен ұтты.
Аймақтар • 30 Сәуір, 2025
Макинск қаласының тұрғындары екінші жыл қатарынан саябақтарының жайын айтып дабыл қағып келеді. Спортивный көшесінің бойындағы шағын парктің бір бүйірі адам көргісіз. Ағаштары шіріп, батпаққа айналған.