Жастар • 30 Сәуір, 2025
«Тәуелсіздік ұрпақтарының» рухани қазынасы
Алматыда өнерсүйер қауым ерекше рухани кештің куәсі болды. А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыка мектебінің «Giovani Talenti» камералық оркестрі еліміздің композиторлары шығармаларынан құралған жаңа жинақтың тұсаукесер концертін өткізді.
Өнер • 30 Сәуір, 2025
Жаңаөзен қаласында туып-өскен Жүсіп Жетгенбай Маңғыстау өңірінің мәдени келбетін мүсін өнері арқылы әлемге танытқысы келеді. Бұл кеше ғана Түркі әлемінің мәдени астанасы атанып, туризмді дамытуды мақсат еткен аймақ үшін өте маңызды. Бала күнінен мүсін өнеріне ынтық болған Жүсіп қазіргі таңда облыс жастарына арналған «Жарқын Болашақ» бағдарламасы аясында Алматыдағы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының колледжінде білім алып жүр.
Өшпес даңқ • 30 Сәуір, 2025
Ұлытау облысының мемлекеттік мұрағатында 1911 жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі аралықта қала, облыс тарихына тікелей байланысты құжаттар сақталған. Мұрағат қорында Екінші дүниежүзілік соғыс тақырыбына байланысты біршама мәлімет бар. Кеңес Одағы батырлары мен соғысқа қатысушылардың №322 құжаттар топтамасына жезқазғандық ардагерлердің жеке тектік құжаттары енгізілген.
Өнер • 30 Сәуір, 2025
Сыр бойындағы театрлар салтанаты
Биыл Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрының елге қызмет етіп келе жатқанына 70 жыл толып отыр. Осыған орай Қызылордада ұлы өнерге өлшеусіз үлес қосқан сахна саңлағы, КСРО және Қазақстанның халық әртісі Сәбира Майқанованың рухына арналған «Сырдың Сәбирасы» атты бірінші халықаралық театрлар фестивалі ұйымдастырылды.
Спорт • 30 Сәуір, 2025
Русланның кәсіпқой бокстағы жетістігі
Бүгінде бокстан өзбек ағайындардың даңқы дүркіреп тұр. Мемлекет тарапынан саламатты өмір салтын насихаттауға, жастарды спортқа баулуға баса назар аударылып келеді. Спортпен айналысатын жастарға да барлық жағдай жасалған. Ауыл-аймақтарда ашылып жатқан заманауи спорт залдары мен кешендері – осының айғағы.