Аймақтар • 30 Сәуір, 2019
Ел астанасында дауылды ескерту жарияланды
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында ауа температурасы төмендеп, найзағай жарқылдайды, бұршақ жауады деп күтілуде.
Спорт • 30 Сәуір, 2019
Бангкокта барымызды көрсете алмадық
Таиландтың бас шаһары – Бангкокта бокстан өткен Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Айтулы жарыста 2 алтын, 2 күміс және 3 қола медальды иеленген Қазақстанның ерлер құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орынға табан тіреді. Бұл жолы да біздің гүрзі жұдырықты жігіттеріміз Өзбекстанға есе жіберді. Олар 4 алтын, 1 күміс және 1 қола жүлдені қоржынға салды.
Аймақтар • 30 Сәуір, 2019
Шымкент қаласының әкімі тұрғындарды қабылдады
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымов азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Спорт • 30 Сәуір, 2019
Дзюдодан Бакудегі «Grand Slam» турниріне қатысатын Қазақстан құрамы анықталды
11-12 мамыр күндері Әзірбайжан астанасы Бакуде дзюдодан әлемдік «Grand Slam» кезеңі басталады. Әлемнің 60 мемлекетінен 500-ден аса спортшы бақ сынайтын додада қазақстандық балуандар да бақ сынайды. Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметі хабарлайды.
Спорт • 30 Сәуір, 2019
Өткен аптада «Egemen Qazaqstan» газетінде дзюдодан Азия чемпионаттарының тарихы жайында көлемді мақала жарық көрді. Ол кезде біз ерлер арасында сары құрлықтың көшбасшы командалары кімдер, қазіргі кезде қай елдің қарқыны күшті және де тәуелсіздік алған кезден бері Қазақстан балуандарының қол жеткізген табыстары туралы біраз мағұлұмат бердік. Ал бүгінгі әңгіменің тақырыбы – әйелдер дзюдосы.