Қазақстан • 27 Сәуір, 2018
Сәрсенбі күні «Қазмедиа» орталығының 5 студиясында «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында «Қазақстан» телерадиокорпорациясының «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасының таныстырылымы өтті.
Аймақтар • 27 Сәуір, 2018
Таразда өзбек киноларының көрсетілімі өтті
Биыл Өзбекстанның Қазақстандағы жылы болып жарияланды. Бүгінгі таңда екі ел арасындағы ынтымақтастық пен татулық көкжиегі кеңейіп келеді. Осы орайда туысқан халықтар арасындағы мәдени, рухани байланыстың да нығая түскені баршаға мәлім. Қос мемлекет арасындағы достық қарым-қатынасты одан әрі дамыту мақсатында Тараз төрінде «Өзбеккино» ұлттық агенттігінің бастамасымен көрші ел киноларының көрсетілімі өтті.
Қазақстан • 27 Сәуір, 2018
1 мамырда Астанада велошеру өтеді
1 мамырда Астанада Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Достық шеруі» атты велошеру өтеді. Жарыс сағат 13:00-де «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда басталады, қатысушыларды тіркеу сағат 11.00-де өткізіледі. Маршруттың ұзындығы – 4100 м. Велошеруге қатысушылар Астананың сол жағалауымен жүріп өтеді. Спорттық іс-шара Астананың 20 жылдығы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.
Қазақстан • 27 Сәуір, 2018
Қазақстан әлемге саяси және экономикалық жетістіктерімен таныла отырып, этносаралық татулық, мәдениеттердің әр алуандығымен үлгі көрсетіп келеді. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың сындарлы саясаты түрлі этностарды ұйыстыра білді. Бұл елді татулық пен ізгілікке бастайтын дара жол болып қала бермек.
Қазақстан • 27 Сәуір, 2018
Астанада жаңа кітаптар таныстырылды
Елордада ІІІ Еуразия халықаралық «Eurasian Book Fair-2018» кітап көрме-жәрмеңкесі өтіп жатыр. Шындығында бұл шараны оқырмандардың мерекесі деп айтуға да болатындай. Осымен үшінші рет ұйымдастырып отырған ауқымды іс биыл Астананың 20 жылдығы мен Өзбекстанның Қазақстандағы жылына арналып отыр. Сәрсенбінің сәтінде басталған көрме-жәрмеңкені дәстүрлі түрде Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова ашқандығын жазған болатынбыз.