Парламент • 28 Сәуір, 2017
Хабар-ошарсыз кеткендердің балалары қорғаусыз қалмауы тиіс
Парламент Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті үстіміздегі жылдың 24 ақпанында «Хабар-ошарсыз кеткен азаматтарды іздестіру бойынша құқық қорғау органдарының қызметін нормативтік-құқықтық реттеудің жай-күйі мен проблемалары» атты дөңгелек үстел отырысын өткізді. Осында айтылған кейбір мәселелерге орай біз Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың атына депутаттық сауал жолдап, онда жоғалған азаматтардың және олардың туыстарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды одан әрі жетілдіру мәселесіне назар аударған едік.
Парламент • 28 Сәуір, 2017
Легионерлерге жұмсалатын ақша өзін ақтап жүр ме?
Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды.
Парламент • 28 Сәуір, 2017
Ұшу қауіпсіздігі ұдайы назарда болуы қажет
Сенат отырысында депутат Мұхтар алтынбаев Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.Ә.Сағынтаевтың атына депутаттық сауал жолдады. Онда былай делінген:
Медицина • 28 Сәуір, 2017
Қатерлі ісіктен қалай сақтандырамыз?
Елімізде соңғы жылдары денсаулық сақтау жүйесін, оның ішінде онкологиялық қызметті жетілдіру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. «Қазақстан Республикасында онкологиялық көмекті дамытудың 2012-2016 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру Қазақстанда онкологиялық қызметтің әлеуетін ішінара нығайтуға, нарықтық тетік элементтерін енгізуге, заманауи медициналық технология трансфертін іске асыруға, жекелеген онкологиялық диспансерлердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, обырдың ерте диагностикасы бойынша заманауи әдістерді енгізуге, кадрлар даярлауға ықпал етті.
Медицина • 28 Сәуір, 2017
Жастарды жігерлендірген жаңа бағдар
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған мақаласы мәні мен мазмұны, маңызы мен мағынасы қоса өріліп, өзіндік өміршеңдігін көрсеткен көлемді туынды болғаны сөзсіз. Тарихтың толқындарын таразылаудан басталып, ұлт болмысын барынша бағамдаумен байланысып, мемлекеттік атқаруы тиіс міндеттерін межелеп берген мақала біздің де тебіренуімізге түрткі болды.