Өндіріс • 30 Сәуір, 2025
Металлургия – экономика тірегі
Бұған дейін металл сынықтарын жинаумен айналысатын жеке тұлғалардың кірісіне 85% салық жеңілдігі берілген болса, енді аталған норма күшін жойған. Таяуда «Түсті металл және металл қалдықтарын жинаушылар қауымдастығы» Ұлттық экономика министрлігі мен Мәжіліске хат жолдап, мәселенің жай-жапсарын түсіндіруді сұрады.
Шаруашылық • 30 Сәуір, 2025
Мемлекет басшысы алдағы бес жылда ауыл шаруашылығының жалпы өнімін екі есе көбейту міндетін қойып отырғаны белгілі. Әрине, Президент айтқандай, еліміздің 10 жыл ішінде бидайды терең өңдеп, дайын өнім өндіретін және оны әлемдік нарыққа шығаратын ең үздік он елдің қатарына қосылуға мүмкіндігі бар.
Үкімет • 30 Сәуір, 2025
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасының іске асырылу барысы қаралды. Сондай-ақ құрылыс саласын цифрландыру мен қала құрылысы кадастры мәселесі талқыланды.
Жасанды интеллект • 30 Сәуір, 2025
Жасанды интеллект және жаһандық этика
Елорда төрінде Президент іс басқармасы Президенттік орталығының және ЮНЕСКО-ның Алматыдағы өңірлік кеңсесінің ұйымдастыруымен «Орталық Азия және жасанды интеллектінің жаһандық этикасы: сын-қатерлер мен келешегі» атты халықаралық конференция өтті. Онлайн және офлайн форматта ұйымдастырылған іс-шараға астаналық зиялы қауым және халықаралық ұйым өкілдері, жасанды интеллект саласы бойынша зерттеуші ғалымдар, инженерлер мен бағдарлама әзірлеуші мамандар қатысты.
Өшпес даңқ • 30 Сәуір, 2025
Хабарсыз кеткен ағайындар тағдыры
Адамзатқа ең ауыр нәубет болып келген Екінші дүниежүзілік соғыс тек майдан даласында емес, әр үйдің шаңырағында, әр ананың көз жасы мен талай жеткіншектің жетімдік тағдырында өтті. Қаншама отбасы асқар тау әкесінен, арқа сүйер ағасынан, бауыр еті баласынан айырылды. Майданға сау аттанып, сал боп оралғандармен қоса, із-түзсіз жоғалып, хабар-ошарсыз кеткен боздақтар қаншама. Менің нағашы атам Махан Бейсенбиев солардың бірі еді.