Білім • 27 Сәуір, 2018
ҚазҰУ ректоры EUA басшылығына ұсынылды
Еуропалық университеттер ассоциациясының (ЕУА) Тағайындау жөніндегі комитеті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректорын аталмыш іргелі халықаралық ұйымның президенті лауазымына ұсынды.
Қазақстан • 27 Сәуір, 2018
Астанада жалған IELTS сертификаттарын сатқандар ұсталды
Астанада медициналық университет төңірегіндегі дауға қатысы бар екі күдікті анықталды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Әдебиет • 27 Сәуір, 2018
«Алтын қалам» әдеби жүлдесінің жаңа маусымы ашылды
Кеше орталық коммуникациялар қызметінде «Алтын қалам» әдеби жүлдесі жаңа маусымының ашылуына арналған баспасөз конференциясы өтті.
Қазақстан • 27 Сәуір, 2018
Шортанбай Қанайұлы жыраудың рухы жалаңаштанбасын
Ал ХІХ ғасырдың орта тұсынан басталған зарзаманның бас ақыны ретінде бағаланған Шортанбай Қанайұлын бүгінгі ұрпақ жете тани ма? «Келер заман сипаты» сынды ел ертеңіне алаң болған толғауды дүниеге келтірген тұлғаны қазіргі таным тұрғысынан қаншалықты ұлықтай алдық? Міне, биыл туғанына екі ғасыр болатын Шортанбай жырау Қанайұлының мерейтойы қарсаңында осы сипаттағы сұрақтар қоғамдық сананы толғантпай қоймасы анық.
Қазақстан • 27 Сәуір, 2018
Қазығұртта «Батыр бабалар» мемориалдық кешенінің ашылу салтанаты өтті
Дәл қазір қазақты серпілткен, сергіткен, барын бағалап, жоғын түгендеген жұмыстардың желісінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың рухани жаңғыру идеясы жатқаны анық. Президент өз мақаласында «Бұл – тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы» деген еді. Сол тұғырнама негізінде бір жылдан аса уақыт ішінде ұлттық рухымыз қырандай түледі, қаншама жауһарларымыз жаңғырып, алыптарымыз қатарға қосылды. Соның бір әдемі көрінісі қабырғалы жұртымыздың ұйытқысы саналатын оңтүстікте болды. Ол осыдан 375 жыл бұрын Орбұлақ шайқасында қол бастаған қос қаһарман Жәңгір мен Жалаңтөстей ардақтыларымызға қойылған «Батыр бабалар» мемориалдық кешенінің ашылу салтанатына орай ұйымдастырылған іс-шаралар еді.