Әдебиет • 28 Сәуір, 2017
Белгілі бір уақыт аралығында өзің үшін «жаңалық» тауып, бірақ сол олжаңды әлі ешкім таппағандай, танымағандай күйге түсіп, күйгелектеп, айналаңа жар сала жүретін кез болады. Саған дейін талай көреген көз, аңдағыш көңіл тамсанып, таңырқаған байлыққа, сұлулыққа жақсылық жасағың келіп «Мынаны көрдіңдер ме?» деп дабырайтып айтқаныңа кейін қатты ұяласың. Өзіңнен бұрын онымен етене жақын, таныс үлкендер бұл «жаңалығыңа» күле қарағанын кейін есіңе аласың. Кеш түсінесің. Бірақ сол кезде ұялатын, ыңғайсызданатын түк жоқ сияқты еді. Себебі, «тап-таза» едің... Сол «жаңалығыңды» тапқаныңа шүкір. Таппағанда, кезікпегенде қайтер едің?
Аймақтар • 28 Сәуір, 2017
Жауынгерлер үздік нәтиже көрсетті
Семейдегі «Шығыс» жалпы әскери полигонында Қазақстан Ұлттық ұланының «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы мен Қорғаныс министрлігінің «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының ұжымдары бірлескен түрде далалық оқу-жаттығу жиындарын өткізді.
Аймақтар • 28 Сәуір, 2017
Ел тарихында ерекше атаулы күндер бар. Олар зор мәнге ие. Мәселен, 16 желтоқсан − Тәуелсіздік күні әр қазақстандық үшін қымбат, қастерлі. Сондай-ақ, мәңгілік ұмытылмас күндер бар. Кешегі Ішкі әскер, бүгінгі Ұлттық ұлан үшін ол − 7 сәуір. Дәл осы күні, 1995 жылы қазақстандық Ішкі әскердің жауынгерлері тәжік-ауған шекарасында қайтпас қайсарлық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен болатын. Амал қанша, мұздай қаруланған лаңкестермен кескілескен сол шайқаста 17 жауынгер оққа ұшып, 34-і жарақат алды. Оларды ұмытпау, ерліктерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізу − біздің басты мақсатымыз.
Қазақстан • 28 Сәуір, 2017
Өңірлік қолбасшылық өз міндетіне адал
Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына ширек ғасыр толғалы отыр. Ел Тәуелсіздігінің тарихымен тамырлас Қазақстан Қарулы Күштері мемлекет тұрақтылығын басты назарға алып, халық тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, қоғам құндылықтарын құрметтеуде өзіне тиесілі міндетті адал атқарып келеді. Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол – Тәуелсіз Қазақстан» деген сөзі бүгінде Қазақстан Қарулы Күштерінің негізгі темірқазығына айналған. Өз Отанын, елін мақтаныш етіп, жерін қорғауды парызым деп білген әскери қызметшілер бүгінгі таңда мемлекетке, қоғамға қалтқысыз қызмет етіп, қазақстандық патриотизмді қалыптастыруда да қажырлылық танытып келеді.
Қазақстан • 28 Сәуір, 2017
Бейбітшілік пен тыныштықтың арқауы
Өзінің туған жерін, туған елін сүймейтін адам бола қоймас. Өйткені, отанды сүю, ең алдымен, адамдықтың, азаматтықтың белгісі. Отанды сүюден отанды қорғау бастау алады. Елім деп ержеткен ерге отанынан артық ештеңе жоқ. Ондай адам отан-анасын ештеңеге айырбастамайды, ешуақытта опасыздық жасамайды.