Қазақстан • 30 Сәуір, 2020
Қызметкерлер ақысыз байланыс платформасымен қамтылды
«Қазақтелеком» және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ еншілес компаниясы QazCloud Cisco Systems компаниясымен бірлесіп, Cisco Meeting Server (CMS) әмбебап конференция платформасына елде төтенше жағдай жарияланғанына байланысты қашықтан жұмыс істеу форматына ауысуға мәжбүр болған компанияларды қолдау үшін ақысыз қызмет ұсынады. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 30 Сәуір, 2020
Асқар Мамин Шымкент пен Түркістанды дамыту жобаларын тексерді
Премьер-Министр Асқар Мамин жұмыс сапары аясында Шымкент пен Түркістан қалаларының көлік және әлеуметтік-мәдени инфрақұрылым нысандарының құрылыс барысын тексерді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Экономика • 30 Сәуір, 2020
Былтыр отандық құс фабрикалары 527 млн дана жұмыртқаны экспорттады
«Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту» мемлекеттік бағдарламасында 2020 жылдан бастап жұмыртқаға тауарлық субсидияны алып тастау қарастырылған. Субсидияны алып тастау туралы норма 2017 жылы мемлекеттік бағдарлама қабылданған сәтте құс фабрикалары басшылары мен құс өндірушілердің салалық қауымдастығымен келісілген болатын. Алайда, COVID 19 вирусының таралуынан туындаған дағдарысқа байланысты 2020 жылы жұмыртқаның өзіндік құны күрт өсті.
Әдебиет • 30 Сәуір, 2020
29 сәуір күні Ұлттық академиялық кітапханасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Кітап карантинге қарсы: жаңа форматтағы кітапханалар» атты халықаралық онлайн-форум өткізді.
Қоғам • 30 Сәуір, 2020
Бірқатар аймақта ХҚО жұмысы қайта жанданады
Алдағы 4 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы мен Батыс Қазақстан, Қарағанды және Маңғыстау облыстары әкімдігінің жанындағы төтенше жағдай тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі штабтарының шешімімен осы аймақтарда ХҚО-лар қайтадан жұмыс істей бастайды.