Парламент • 30 Наурыз, 2018
Сенаторлар Ақтауда студенттермен кездесті
Парламент Сенатының депутаттары Бірғаным Әйтімова мен Бақтыбай Шелпеков Ақтау қаласында академик Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университетінің студенттерімен және профессорлар-оқытушылар құрамымен кездесті.
Аймақтар • 30 Наурыз, 2018
Шымкентте балмұздақтан уланған адамдар саны 61-ге жетті
Шымкентте адамдар уланған балмұздақ үй жағдайында жасалған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулықты қорғау комитетінің хабарламасында айтылған.
Аймақтар • 30 Наурыз, 2018
Семейдегі Портовая көшесінің тұрғындары су астында қалдық деп көмек сұрауда
Семей қаласы әкімінің шешімімен таңертеңнен бері мұзды жару жұмыстары жүруде. Тұрғындар бұл туралы толық ақпараттандырылды. Түйемойнақ аралының тұрғындары болса, олар тұрып жатқан жердегі су деңгейі 304 бағанасына түскендіктен үйлеріне қуана қайтып жатыр екен. Сөйтіп «Турист» қонақүйінен Түйемойнақтағы үйлеріне 34 адам қайта оралған. Олармен ШҚО ТЖ Департаментінің психологы жұмыс жасаған. Ертістегі екі жарылыстан соң мұз төмен сырғып, оның үстіне бүгін жаңбыр толассыз құйып, төменгі шағын аудандарды су басып кетті. Азаматтық қорғаныс саласы, қала әкімдігі мамандарының мәліметінше, таңертеңнен бері 600 және 900 килограмдық жарылғыш заттар қолданылған.
Шымкентте балмұздақтан жаппай улануға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Шымкентте балмұздақтан уланғандардың саны 41 адамға жетті. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі мәлім етті.
Парламент • 30 Наурыз, 2018
Сенатор Т. Мұқашев ҰҚШҰ ПА Тұрақты комиссиясы мен Сарапшылар кеңесінің жұмысына қатысты
2018 жылы 29 наурызда Санкт-Петербургте Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Парламенттік Ассамблеясының Саяси мәселелер және халықаралық ынтымақтастық, сондай-ақ Әлеуметтік-экономикалық және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияларының отырыстары болды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Баспасөз қызметі.