Спорт • 03 Наурыз, 2026
Асу Алмабаев UFC рейтингінде төмендеді
Ережесіз жекпе-жек шебері Асу Алмабаев UFC-дің ең жеңіл салмақ дәрежесіндегі рейтингінде бір сатыға төмендеді, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 03 Наурыз, 2026
Конституциялық қағидалардың әлеуметке әсері қандай?
Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Sarap» эксперттік клубының бесінші отырысы өтті. «Конституция және өмір сүру сапасы: реформалардың әлеуметтік әсерін қалай өлшеуге болады?» тақырыбы арқау болған кездесуді Қазақстандық қоғамдық даму институты ұйымдастырды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 03 Наурыз, 2026
Қазақстандағы ең «қымбат» әкімдер кімдер?
Қазақстан өңірлерінің экономикалық дамуы көп жағдайда әкімдіктердің жұмысына байланысты. Себебі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, шағын және орта бизнестің жай-күйі, ірі компаниялармен өзара іс-қимыл және инвестиция тарту мәселелері тікелей жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жатады. Осыған байланысты әкімдер мен олардың аппаратын ұстауға арналған шығындар өңірлік бюджет құрылымында елеулі орын алады. National Business Kazakhstan сарапшылары қай өңір басшылары бюджетке қымбатырақ түсетінін анықтап, 2026 жылға арналған облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың бюджеттеріндегі «әкімнің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бабы бойынша шығындарды салыстырып, арнайы рейтинг жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 03 Наурыз, 2026
Қазақстанда алғаш рет өңірлік білім беру – өндірістік кластері іске қосылды
Елімізде алғаш рет қонақжайлылық және туризм саласы бойынша өңірлік білім беру – өндірістік кластері (Астанада Сервис және туризм колледжі базасында) іске қосылды. Жоба еңбек нарығына қажетті мамандар даярлауды жүйелеуге және білім беру мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтуды көздейді, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 03 Наурыз, 2026
Щучинсктегі жарылыстан қайтыс болғандар саны тоғызға жетті
Ақмола облысының Щучинск қаласында орын алған жойқын жарылыстың зардабы күн санап ауырлап барады. Дәмханадағы өрттен ауыр жарақат алған тағы екі адам қалалық ауруханада көз жұмды. Осылайша, бұл қайғылы оқиғадан қаза тапқандардың жалпы саны тоғызға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.