Аймақтар • 30 Наурыз, 2018
Петропавл қазақша атауларға сараң
Қанша айтылып, жазылып келе жатса да, облыс орталығында ала-құла атаулардан әлі көз сүрінеді. Жұртшылық тарапынан айтылатын сын-пікірлерден қорытынды шығарылудың орнына керісінше үдеп бара жатқан секілді.
Тегі өзгерген өнімнен қауіп қандай?
Әдетте, азық-түлік дүкеніне бас сұқсаңыз құтыдағы, пакеттегі немесе арнайы қағазбен оралған тамақ атаулыдағы «ГМА-сыз!!!» («Без ГМО!!!» «Non GMO») деп көрнекі жазылған ескертулерге еріксіз назар аударасыз. Сүт пен сұйық майға дейін, ет пен ерекше қатталған әртүрлі дақылға, көк-сөкке, тіпті күнде жеп жүрген дәмді наныңызға дейін сондай жазумен таңбаланған!.. Неге?
Қазақстан • 30 Наурыз, 2018
Қазақстан – мүмкіндіктері мол ел
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бағдарламасы – елдің әлеуметтік-экономикалық бағытының жоғары деңгейде дамып жатқанының дәлелі. Экономиканың қарқынды қарыштауы әлеуметтік саланы қаржыландыруға мүмкіндік туғызады.
Білім • 30 Наурыз, 2018
Президент Н.Ә.Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөз сөйлеп, Қазақстан халқына 5 әлеуметтік бастаманы жария еткені белгілі. Бұл жаңа бастамалар елімізде жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік бағдарламаларға жаңа серпін беретініне күмән жоқ.
Өнер • 30 Наурыз, 2018
Бақыт пен үйлесімнің іңкәр мекені
Қылқалам шебері түспен және формамен, кеңістікпен және сызықпен батыл жұмыс істейді, сезім сыры рухтың күшімен өріле біткен жігерлі де көркем, сиқырлы образдар тудырады. Оның әрбір туындысы асқан шеберлікпен, стилистикалық мәдениетке, ерекше көңіл күйге, махаббат пен мейірім шуағына толы. Жоғарыдағы жолдар суретші Айгүл Хакімжанованың қолтаңбасы хақында.