Қоғам • 06 Наурыз, 2026
«Amanat» бастамасымен жүзеге асып жатқан «Қарызсыз қоғам», «Ауыл аманаты» жобалары – бүгінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық келбетін өзгертіп жатқан ең ауқымды әрі нәтижелі бағдарламалардың бірі. Бұл жобалар – жай ғана қаржылай қолдау емес, халықтың ойлау жүйесін өзгертуге, масылдықтан арылтуға, кәсіпкерлік рухты оятуға бағытталған платформалар. Бұл туралы Президент те оң пікір білдіріп келеді.
Қоғам • 06 Наурыз, 2026
Ұлттық өрлеудің құқықтық негізі
Жалпыұлттық референдум ел жылнамасындағы қатардағы оқиға емес, бұл Ұлы дала елін жаңа сапалық биікке көтеріп, Әділетті Қазақстанның мызғымас негізін қалыптастыратын тағдыршешті тарихи таңдау күні. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформа – жаһандық өзгерістер мен заман талабына сай жасалған парасатты қадам әрі ұлттық жасампаздықтың жаңа құқықтық тұғыры.
Медицина • 06 Наурыз, 2026
Неонатология бөлімшесінің оңалту жұмысы
Мемлекетіміз балаларға алғашқы деңгейде кешенді медициналық көмек көрсетуді дамытуға күш салып отыр. Соның бір дәлелі, былтыр шілде айынан бастап Медициналық-санитарлық алғашқы көмек (МСАК) ұйымдарының 80%-ында педиатриялық бөлімшелер құрылды.
Аймақтар • 06 Наурыз, 2026
Қызылордада бір күнде екі бірдей емхананың құрылысы басталды. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, Мәжілісі депутаттары Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев сондай-ақ зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысқан игі шара барысында алдымен Титов шағын ауданындағы 400 орындық жаңа емхананың іргетасы қаланды.
Денсаулық • 06 Наурыз, 2026
Дислексия деген дерт пе, әлде ерекше қабілет пе?
«Дислексия» деген терминді естуіңіз бар ма? Бұл – ақыл-есі түзу, он екі мүшесі сау адамның жазу-сызуға, мәтін оқуға немесе оқығанын түсінуге қиналуымен байланысты нейробиологиялық ерекшелік, оқу дағдысының бұзылуы.