Әдебиет • 30 Наурыз, 2018
Семейде «Шәкәрім мұрасы – мәңгілік мұра» атты әдеби телекөпір өтті
Семейдегі Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде Елбасының «Рухани жаңғыру» жобасы аясында ақын, ойшыл ғұлама Ш.Құдайбердіұлының 160 жылдығына арналған «Шәкәрім мұрасы – мәңгілік мұра» атты әдеби телекөпір өтті.
Өнер • 30 Наурыз, 2018
Рухани құндылықтарымызды сақтау – басты аманат
Мәдени мұрамыз болып саналатын ескерткіштер уақыт өткен сайын табиғат, адам, қоршаған орта факторларының әсерінен тозады, ескіреді. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы бүгінгі күні тарих және мәдениет ескерткіштерін қайта жаңғырту жолында өзінің сүбелі үлесін қосып отыр.
Әдебиет • 30 Наурыз, 2018
«Кардеш калемлер» журналының кезекті саны Мағжанға арналды
Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлықтың иегері, жазушы Якуп Омароғлы төрағалық ететін Еуразия Жазушылар қауымдастығына қарасты «Кардеш калемлер» журналы қазақ әдебиеті мен мәдениетіне ұдайы көңіл бөліп келеді.
Қазақстан • 30 Наурыз, 2018
Астанада қайырымдылық шарасы өтті
Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Наурыз мерекесіне арналған жыл сайынғы қайырымдылық іс-шарасы Астана қаласы әкімдігінің «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде болып өтті.
Қазақстан • 30 Наурыз, 2018
Жалайыр Шора есімі Зеренді-Көкше өңіріндегі елдің де есінде
«Себепсіз ешнәрсе болмайды» дегендей, кейде еріксіз қолға қалам алатын жайлар болады. Осыдан бес жыл бұрын Зерендіге таяу Айдарлы ауылы ақсақалдарының тілегі бойынша аудан, облыс ономастика комиссияларына елді мекеннің жанынан жанай ағатын Шағалалы өзенінің бір саласының тарихи атауы – «Шораны» өзіне қайтару мәселесін көтергенде неше түрлі құжаттар жинау керектігін алға тартып, сұрағымыз аяқасты қалған-тын.