Қоғам • 26 Наурыз, 2021
«Қорқамыз бір күні құрылыс тоқтай ма деп...»
Басқа өңірлердің тіршілігінде қандай да бір мәселе туындаса, биліктің құлағына жетпей жатқан шығар деп ойлауымыз кәдік. Бірақ күллі елдің назарындағы елордада да түйіні шешілмей жатқан мәселелер баршылық. Соның бірі – үлестік құрылыс проблемасы. Нұр-Сұлтан қаласында он жылдан бері аяқталмай жатқан тұрғын үйлер бар.
Өнер • 26 Наурыз, 2021
Астанадағы Қуыршақ театры заманауи оқиғаларды арқау еткен ақылды айлакер Алдар көсе жайындағы жаңа қойылымды балаларға тарту етті. Халық ертегісінің желісі бойынша сахналанған режиссер Айжан Салаеваның «Алдар көсе жайлы не білеміз?» атты қойылымы кішкентай көрерменнің көңілінен шыққан сыңайлы.
Театр • 26 Наурыз, 2021
Театр – тектілік мекені, хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер. Мұнда кірлеген сезімдер тазарып, жабыққан көңілдер жай табар ғажайып аура бар. Ол – қасиетті сахна арқылы көрермен жүрегіне құйылар ғажайып музыка – өмір әні.Театрға бір келген көрермен бірнеше жылға азық болар рухани қазына жиып, өмірдің өзгеше нотасын сезініп қайтады. Жүрегі сағыныш пен сезімге толып, жаңарып, адами келбетін толықтырып шығады. Ал көрерменіне жыл он екі ай бойы рухани азық сыйлап, бар өмірін өнерге арнап, қасиетті сахнаға адал қызмет етіп келе жатқан әртістер қауымы үшін көктеммен бірге көңілге де қуаныш сыйлай енетін ерекше ыстық мереке бар, ол – Халықаралық театр күні.
Руханият • 26 Наурыз, 2021
Адамзаттық өркениеттің алтын бесігіне айналған Ұлы дала иелерінің төл мерекесі – әз-Наурыз! Қарт тарихтың көрікті керуені түркі жұртына жыл айналып тұрақтаған сәтте көктемнің көркем кейпі жан елітіп, мейірім себеді. Мұндай ізгілікке бойын жылытқан қазақ халқының жаңа тынысы ашылып, дәстүрін дәріптейтін әдеті. Баба мирасын көкке көтерген қараорман қарашаны сырттан бақыласаңыз, татулықпен тыныстап, бірлікке тұтқа болып тұрғандай. Оған осы сурет дәлел.
Қоғам • 26 Наурыз, 2021
Жамбылдықтардың жартысы екпе салдырады
Бүгінде коронавирус індетінен қорғану мақсатында елімізде тұрғындарға вакцина салу науқаны жүргізілуде. Әуелі жергілікті жерлерде бұл үрдісті сол өңірдің бірінші басшылары бастап беріп, одан кейін түрлі сала басшылары жалғастырған еді. Қауіпті індеттің алдын алу үшін қазіргі кезде көпшілік өз еркімен вакцина салдыруда.