Оқиға • 26 Наурыз, 2021
Қуатты автоматты реттейтін жүйе
Өткен жылдың соңында «KEGOC» АҚ жиілік пен қуатты автоматты реттеу жүйесін құруды аяқтады. Ол Біртұтас электр энергетикалық жүйе жұмысындағы нақты режімнің үздіксіз мониторингін жүзеге асырады.
Оқиға • 26 Наурыз, 2021
ҚазҰУ «5 жұлдыз» басымдық белгісіне ие болды
Quacquarelli Symonds (QS) беделді халықаралық рейтинг агенттігі жүргізген тәуелсіз бағалау қорытындысы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жоғары баға алып, QS Stars Rating System халықаралық рейтингінде «Бес жұлдыз» жоғары марапатына ие болды. Аталған білім ордасы мұндай марапатты иемденген Орталық Азия аймағындағы алғашқы жоғары оқу орны екенін айта кеткеніміз жөн.
Тарих • 26 Наурыз, 2021
Қазағым деп қан жұтып, жағасы жау қолында кеткен асыл тұлғаларымыз аз емес. Десек те, қызыл империяның қан сүмектеген қылышынан қаймықпай, Алаш мұраты жолында ғазиз жанын пида еткен ұлт зиялысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханның орны алабөтен.
Саясат • 26 Наурыз, 2021
Қатаң жазадан қаймыққан ұры шамалы...
Елімізде сан жылдап табан етін тоздырып, маңдай терін төккен малшыны әп-сәтте сан соқтырып кетіп жүрген ұры-қарының айла-шарғысы тыйылар емес. Өткен жылдың өзінде осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 1433 адам қамауға алынып, тиісті жаза қолданылды. Бүгінгі «барымташыларға» қолды болған 14 мың бас түліктің 6 мыңы ғана иелеріне қайтарылса, қалғаны қара ниеттілердің қанжығасында кеткен көрінеді.
Руханият • 26 Наурыз, 2021
Әбжанмен біз Алатаудың баурайындағы әсем Алматыда таныстық. Таныстық та табыстық. Көңіліміз жарасты ма, әлде мінезіміз үйлесті ме, әйтеуір арамызды жақындатар, кейін келе үлкен достыққа ұласар бір сырдың болғаны анық. Содан бері қырық жыл уақыт өтсе де, шүкір, сыйластық қарым-қатынасымыз әлі де сол баяғы қалпында. Әбекең – өзіне ғана тән тиянақты көзқарасы, анау-мынауға еліге қоймайтын берік ұстанымы бар азамат. Екінің біріне илікпейді. Мен де мінезсіз емеспін – айтарымды айтып тастап қарап отыратын әдетім бар. Бірақ ол да екеуміздің достығымызға дақ түсіре алған жоқ.