Кәсіпкер • 05 Наурыз, 2026
Тотықұс асырағанның ұпайы түгел
Тараз қаласының тұрғыны тропикалық тотықұстарды өсіріп, табыс көзіне айналдырып отыр. Былтыр қайтарымсыз грантқа қолы жеткен Нұржан Нұрмаханұлы құс шаруашылығын дамытуға айрықша ден қойып жүр. Өңірде алғаш боп тотықұс өсіруді қолға алған азаматтың жаңа қадамына қызығушылар аз емес.
Референдум • 05 Наурыз, 2026
15 наурызда жалпыхалықтық дауыс беруге шығарылатын жаңа Конституция жобасы мемлекеттік құрылысты жай ғана құқықтық жаңарту емес, мұнда бұдан да терең міндет тұр. Ол – қазіргі қоғамда мемлекет қалай жұмыс істеуі керек және бұл жүйеде адам мен азаматтың орны қандай болуға тиіс деген мәселені айқындау. Негізгі идея қарапайым – мемлекет азамат, адам үшін қызмет етеді.
Спорт • 05 Наурыз, 2026
Астанада грек-рим, еркін және әйелдер күресінен 17 мен 20 жас санатындағы жастар арасында ел чемпионаты өтті. Барлық өңірден 1 200-ден астам жас балуан қатысып, бозкілемде өз шеберлігін сынады.
Референдум • 05 Наурыз, 2026
Ата заң жобасын қолдайтындар – 89 пайыз
Ел азаматтарының 89,2%-ы жаңа Конституция жобасын қолдайды. Мұны Қазақстан қоғамдық даму институты әлеуметтанулық сауалнама негізінде анықтады. Зерттеу Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысымен биыл 12-20 ақпан аралығында телефон арқылы 17 облысты және республикалық маңызы бар 3 қала – Астана, Алматы, Шымкентті қамтыды.
Жануарлар • 05 Наурыз, 2026
Ертістің ен тоғайына түлкі оралды
«Ертіс орманы» резерватына түлкілер қайта оралып жатыр. Бұдан біраз уақыт бұрын ерекше қорғалатын қарағай алқаптарында түз тағылары көрінбей кеткен екен.