Әдебиет • 30 Наурыз, 2018
Жазу мәселесі туралы соңғы сөз
Газетіміздің 20 наурыз күнгі №54 (29285) санында «Еңбекшіл қазақ» газетінің 1924 жылғы №208-209 нөмірлерінде жарық көрген «Жазу мәселесі туралы соңғы сөз» атты мақаланың алғашқы бөлімі жарияланған еді, авторы «Жүсіпбек» деп жазылған (Аймауытов – ред.), айтулы мақаланың соңғы бөлімін ұсынамыз.
Тарих • 30 Наурыз, 2018
«IZDEU-2018». Павлодарда іздеушілердің бірлескен форумы өтті
Облыс орталығындағы С.Торайғыров атындағы мемлекеттік университетте «IZDEU-2018» деп аталатын алғашқы халықаралық форум өтті.
Аймақтар • 30 Наурыз, 2018
Батыстан шығысқа – бір күндік жалақы
«Шығыс Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккен елді мекен тұрғындарын қолдау мақсатында Батыс Қазақстан облысы әкімдігі мен өзге де мемлекеттік қызметкерлер бір күндік жалақыларын аударатын болды» деп хабарлайды Батыс Қазақстан облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 30 Наурыз, 2018
Ақтөбе өңірінде де судан қауіп бар
Былтырғы көктемде Ақтөбеде айта қаларлықтай тасқын қаупі күтілмеген еді. Өкінішке қарай осындай жағдай орын алды. Бұл оқыс оқиғадан жергілікті атқарушы органдар мен төтенше құрылымдар тиісті сабақ алғаны анық. Сондықтан да биылғы жылы өңірде тасқын суды зардапсыз өткізудің барлық шаралары белгіленді. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара білудің тиімді тетіктері іздестірілді. Яғни тас-түйін дайындық бар. Алайда қауіп-қатердің қайдан шыға келерін алдын ала айту оңайға түсе қоймайды.
Аймақтар • 30 Наурыз, 2018
Тасқынға дайындық өз деңгейінде ме?
Ауа райын болжаушылардың айтуынша, наурыз айының соңғы күндері Қарағанды облысында жаңбыр жауып, күн күрт жылынады екен. Демек көбесі сөгілген қар жаппай еріп, сай-сала, жыра-жылға суға толады деген сөз бұл. Сай-сала ғана суға толса жақсы ғой, көңілдегі күдік тасқын мен қарғын су қаупі алдындағы қауқарымыз қаншалықты деген үйреншікті һәм үрейлі сұраққа жауап іздейді.