Қаржы • 26 Наурыз, 2021
26 наурызға арналған валюта бағамы
ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 26 наурыздағы валюта бағамы төмендегідей болды:
Елорда • 26 Наурыз, 2021
Өткен тәулікте елордадан 140 мың текше метрге жуық қар шығарылды
Елордада 25 наурыздан 26-сына қараған түні 76 мың текше метрге жуық қар шығарылды. Қар күреу жұмысына 1 148 арнайы техника мен 188 жол жұмысшы жұмылдырылды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Әлем • 26 Наурыз, 2021
Экология министрлігі мен «Росгеология» пайдалы қазбаларды іздеуде ынтымақтастықты күшейтеді
Бұл туралы қазақстандық делегацияның Мәскеуге жұмыс сапары барысында белгілі болды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Туризм • 26 Наурыз, 2021
Туроператорлар ПТР тесттің құнын турпакетке қосатын болды
Қазақстан туроператорлар қауымдастығы ПТР тестілеуден өткені туралы анықтаманы елімізге ұшардан 72 сағат бұрын жасауды міндеттеуді сұрады. Аталған ереже Мысыр, БАӘ, Мальдив Республикасы, Шри-Ланка және Түркиядан Қазақстанның барлық қаласына ұшатын рейске қатысты болады. Өкім-хат аталған бағыттар бойынша қызмет көрсететін барлық авиакомпанияға жолданды. Бұл талап барлық (чартерлік/тұрақты) туристік рейске қолданылады, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Медицина • 26 Наурыз, 2021
Ақтөбелік азамат дәрігерлердің кесірінен көзінен айырылуы мүмкін
23 жастағы Арыстан Бірназаров көзінен айырылуы мүмкін. Оның айтуынша, барлығы дәрігерлердің кінәсінен. Жуапты мамандар оны уақытында операцияға кезекке қоймаған. Ал олай болуына карантин себеп болған. Салдарынан емделуші тығырыққа тірелді. Хирургтардың айтуынша, уақыт өте келе көзді протезге ауыстыруға тура келеді, деп хабарлайды Egemen.kz «Астана» арнасына сілтеме жасап.