Қоғам • 27 Наурыз, 2022
Бала күнімізде жайлауда кез келген үйдің жанында өре тұратын. Оның төрт сирағы болады. Олар жерге қаққан қазықтай нық та, мық орнатылып, үстіне көлденең белағаштар қойылады. Осы бел ағаштарды шабақтап, көлденең қадалар жайғастырылып, оның үстіне тоқылған ши төселіп, дайын болған керме тұғырды өре деп атайды.
Әдебиет • 27 Наурыз, 2022
Ойлы жазушы Оралхан Бөкейдің «Атау кере» романы көзі қарақты оқырманның көбіне таныс. Үтір-нүктесіне тоқталмасақ та, біз бен сізді Тағанның тағдыры әлемтапырақ күйге түсіргені даусыз-ау! Ол үнемі «Біз осы неге?» деген сауал тастап барып күйінішін күй қылып толғаушы еді ғой. Бүгінгі таңда кез келген мәселеге Тағанның көзімен қарайтын болсақ, сол сауалды бір емес, жүз, тіпті мың мәрте қоятынымыз анық. Таған демекші, біз осы ретте ұмытылып бара жатқан, «Ағайын – ырысың, көрші – тынысың» деген қазақтың қонақжайлық қағидасына үңілмекпіз.
Аймақтар • 27 Наурыз, 2022
Масаға таланып, масқара болмасын
Павлодарда масамен болатын «майданға» дайындық басталды. Жылда шыбын-шіркейдің шабуылынан шаршаған тұрғындар құзырлы органдардың қолын мезгілінен кеш сермейтініне қапалы. Байқауымызша, биыл бұл іске жауаптылар масадан бұрын оянған сияқты. Жуықта өңірге 35 тонна «Бактицид» препараты жеткізілді. Жалпы, биыл аталған биологиялық «қарудың» 70 тоннасы қолданылмақ.
Қоғам • 27 Наурыз, 2022
Құрылыс нарығына құтқарушы қажет
Қазақстан Ресейден ағылатын арзан құрылыс материалдарының ағынына тап болуы мүмкін. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өзі осылай қауіп қылып отыр. Ресей біздің нарыққа құрылыс материалдарын жеткізуші негізгі ел саналады. 2021 жылы Қазақстан көрші елден 772 млн доллардың материалын импорттаған. Бұл – сырттан әкелінген жалпы құрылыс материалдарының 57,6 пайызы.
Қоғам • 27 Наурыз, 2022
Бір күртенің бағасы – 1 670 143 теңге!
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасында ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру туралы Жол картасы жасалған.