Қазақстан • 28 Наурыз, 2022
Қазіргі таңда еліміздің спорттық бағыттағы оқу орындары әдістемелік және хрестоматиялық оқу құралдарына, жеңімпаз спортшылар мен білікті бапкерлер туралы қосымша оқу-әдістемелік кешендерге сусап отыр. Республиканың осы саладағы арнаулы білім ошақтарында Қазақстан спортының тарихына қатысты арнайы оқулықтардың болмауы – жанға бататын өте өзекті мәселе.
Қазақстан • 28 Наурыз, 2022
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінде Қожакеев оқулары аясында «Темірбек Қожакеевтің сатиралық және әдеби мұрасы: таным мен талғам табиғаты» тақырыбында ғылыми-әдістемелік конференция өтті.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2022
Арқалық қаласындағы «Дала өлкесі тарихы» мұражайында Торғай көтерілісінің бас қаһармандарының бірі Кейкі Көкембайұлын еске алуға арналған «Ер Кейкі ел есінде» атты тағылымды іс-шара өтті. Осыдан дәл жүз жыл бұрын ұлт азаттығы жолында оққа ұшқан ат үстіндегі ақырғы жауынгердің рухына тағзым ету кешінде Кейкінің ерлігі мен мергендігі жайында ел жадында сақталған аңызға бергісіз әңгіме-естеліктермен қатар, батырдың әдебиет, музыка, кино және драматургия өнеріндегі көркем бейнесінің сомдалуы төңірегінде сөз болды.
Руханият • 28 Наурыз, 2022
Халқымыздың ұрпақтан - ұрпақтан жалғасып келе жатқан ғажайып салтының бірі –жиенқұрық. Қазақ қыздан туған баланы жиен дейді. Қыз баланы жат жұрттық деп есептегенмен, жиен жат болмасын деп, үнемі үйіне қонаққа шақырып, оны төбесіне хан көтеріп құрметтеген.
Қоғам • 28 Наурыз, 2022
«Ассамблея жастары» ағаш көшеттерін отырғызды
Алматы облысының Шонжы кентінде «Ассамблея жастары» ұйымының өкілдері өңір жастарымен бірқатар мотивациялық кездесу өткізді. Нетворкинг форматында өткен қарым-қатынастың мақсаты – жастардың қолға алған бастамаларын қолдау шараларын және жастардың әлеуметтік өсу мүмкіндіктерін талқылау болды. Кездесуге Алматы облысына қарасты аудандардан өкілдер қатысты.