Экономика • Бүгін, 08:45
Теміржол торабы: Саладағы кешенді жаңғыру
2019–2025 жылдар аралығында елімізде теміржол инфрақұрылымын дамыту мен жаңғырту бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Жеті жыл ішінде барлығы 9436 шақырым теміржол әртүрлі жөндеу жұмысымен қамтылды. Бұл қозғалыс қауіпсіздігі деңгейін едәуір жақсартып, магистралдардың өткізу қабілетін арттырып, көлік саласының жұмысын сапаландыра түсті.
Қылмыс • Бүгін, 08:43
Атырауда алаяқтар қылмысы өршіп тұр. Құқық қорғау органдарын интернеттегі алаяқтық қылмысының 14 пайызға артқаны алаңдатады. Кейінгі жылдары арам пиғылды алаяқтардың осындай заңсыз әрекетінен жәбірленушілерге 1 млрд 297 млн теңгеден аса шығын келтірілген.
Экономика • Бүгін, 08:40
Ел азаматтарына ұсынылған автокөлікті лизингпен алу мүмкіндігі отандық өндіріске тың серпін беріп, жаңа қырынан дамытады деп күтілген еді. Былтыр автолизинг бағдарламасы іске қосылды. Бірақ жұртшылыққа жаңа көлік мінгізуге тиіс бағдарлама басталмай жатып тоқтап қалды. Сарапшылардың пікірінше, жеңілдетілген несиеге балама болатын бастаманың жарты жолдан үзілуіне техникалық түйткілдер себеп болған.
Құқық • Бүгін, 08:37
Былтыр 16 қыркүйекте күшіне енген «Қылмыстық заңнаманы оңтайландыру туралы» заңның сталкинг туралы бабы бойынша Батыс Қазақстан облысында екі азамат жауапқа тартылды.
Шаруашылық • Бүгін, 08:35
Павлодар қоймаларында 50 мың тонна картоп пен 30 мың тонна сәбіз сақталып тұр. Бұл облыс тұрғындарының күзге дейінгі қажеттілігін толық қамтамасыз ете алады.