Президент • 29 Наурыз, 2025
Шавкат Мирзиёевке Алматы тау шаңғысы кластері таныстырылды
Қала әкімі Ерболат Досаев президенттерге Іле Алатауының асқаралы шыңдарын көрсетіп, Кіші Алматы шатқалындағы «Медеу» селден қорғау бөгетін салу тарихы жөнінде айтты. Сонымен қатар шетелдік және жергілікті альпинистер мен туристер арасында танымал бағыттар таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 29 Наурыз, 2025
Қатонқарағай ауданында жаңа әуежай құрылысы басталды
Бұл жұмыс Мемлекет басшысының Зайсан, Катонқарағай және Кендірлі курорттық аймақтарында үш жаңа әуежай салу жөніндегі тапсырмасы аясында жүргізілуде.
Президент • 29 Наурыз, 2025
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстанға келді
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 29 Наурыз, 2025
Жұмысшы кадрға сұраныс күшейді
2025 жылдың «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялануы ел арасында еңбегі еленбей жүрген азаматтардың еңсесін бір көтеріп тастады. Экономикалық озық көрсеткіштер мен дамып келе жатқан әлеуметтік хал-ахуалдың арғы жағында білекті һәм білімді азаматтардың тұрғаны белгілі. Білім демекші, осы орайда жұмысшы мамандарды даярлаумен айналысатын білім ордаларының да мүмкіндігі мен әлеуеті алдыңғы қатарға шыққаны жөн секілді.
Тағзым • 29 Наурыз, 2025
Батыс Қазақстан облысындағы Бөрлі аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Қарағанды ауылдық кітапханасында «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Жұмекен – қазақ поэзиясының алтын сандығы» атты библио микс іс-шарасы өтті. Оған 2 «а» сынып оқушылары қатысты.