Әдебиет • 30 Наурыз, 2018
Қоғамның бір кезеңнен екінші кезеңге өтіп жатқан кезінде туған ұрпақ бақытсыз деп жатады ғой. Қазір әншілердің тасы өрге домалап тұрған кезең. Халық теледидардан да, басқадан да тек соларды көреді, әнін тыңдайды. Бір сөзбен айтқанда соларға қарап бой түзейді. Ал өздерінен сұрасаң кітап бетін ашпайды, кітап оқуға уақыты да жоқ. Кейде ойлаймын, жастар кімге қарап үлгі алып жатыр деп.
Әдебиет • 30 Наурыз, 2018
Қозыбай Құрман. Қаламгер жолын оқырман ашады
Әдебиет не үшін керек? Осы ретте менің ойыма кішкентай інімнің: «Бізге осы ән неге керек?» деген сөзі еске түсіп отыр. Қалай болғанда да кіршіксіз көңілді, риясыз болмысты өскін үшін орынды сұрақ бұл. Тіпті біз үшін де көңілге солай-дүр. Өйтпесе сіз бен бізге дәл бүгін «Әдебиет не үшін керек?» деген осы бір сауалдың қойылмауы шарт-ты.
Әдебиет • 30 Наурыз, 2018
Әбіш Кекілбайұлы. Әзелгі мұратынан айнымақ емес (үзінді)
...Бәрінен де қауіптісі – қай істі де екіұштылық билеп-төстеуде. Бір жағынан, қоғам жекелеген индивидумдарға ыдырап, атомдана түссе, екінші жағынан, сана өткінші ағымдар мен өтпелі ұстанымдарға, сән қуалаушылық пен беделде табынушылыққа беріліп, стандарттана, тіпті тоталитарлана, жаппай қасаңдана түсуде.
Әдебиет • 30 Наурыз, 2018
«Әдебиет – ардың ісі» депті бізден бұрынғылар. Қазір олай айта аламыз ба? Әдебиет несімен бағалы? деген сұраққа басқа жауап іздеу керек сияқты. Тек шынымызды айтуымыз керек. Ал шынымызды айтқанда не дейміз?..
Қазақстан • 30 Наурыз, 2018
1958-2018 жылдар ішіндегі телебағдарламаларды баяндаған «Елдидар» кітабы жарық көрді
Теледидардың дидарын ашып «көксандықтың» ажарын кіргізіп жан-жақты ойластырған бағдарлама, сол бағдарламаны тілі мүдірмей, дидарларынан нұр төгіле отырып жүргізетін азаматтарға тәуелді екені белгілі. Бұл жағынан келгенде әр хабардың қаймағына айналып, жұрттың ілтипатына бөленген жақсылар аз болған жоқ. Ондай мықтылар қазір қазақ теледидарының ардагерлер санатындағы сарбаздар саналады.