Аймақтар • 30 Наурыз, 2018
Теміртауда балық аулаудан әлем чемпионаты өтті
Теміртау қаласының маңындағы Самарқан су қоймасында жалтырауық қармақпен мұз астынан балық аулаудан ХV әлем чемпионаты өтті. Деңгейі жоғары бұл додада АҚШ, Латвия, Литва, Эстония, Беларусь, Финляндия, Ресей, Норвегия, Швеция сынды жалпы саны 13 елден келген балықшылар бақ сынады.
Жеңіл атлетика • 30 Наурыз, 2018
Ольга Сафронова: Бала кезімнен поэзияға ғашық болдым
Биылғы 18 тамыз және 2 қыркүйек аралығында Индонезия астанасы Джакарта қаласында жазғы Азия ойындары өтеді. Осыдан төрт жыл бұрын Инчхондағы Азия ойындарында «Спорт падишасының» өкілдері 3 алтын жеңіп алған. Оның біреуі 200 метрге жүгіруші Ольга Сафроноваға тиесілі. Индонезияда да сол жетістігін қайталайды деп сенеміз. Осы орайда спортшыны әңгімеге тартқан едік.
Кино • 30 Наурыз, 2018
«Қасқырлар қоршауынан» «Жерұйыққа» дейін
Туған ауылынан 30 шақырым қашықтықта орналасқан мектеп-интернатта оқитын 13-14 жастағы жасөспірім бала жаңа жыл қарсаңында шаңғымен үйіне қарай жолға шығады. Кенет басталған алай-дүлей боран ен далада жалғыз қалған қаршадай баланы алған бағытынан адастырады да жібереді.
Медицина • 30 Наурыз, 2018
Ғасыр адамы Темірғали Көкетаев
Қарағандының көшесі – жөңкілген жұрт. Кім келіп, кім кетпеген бұл жерден? Бір кезде осынау шаһардың көшесінде маңдайы жарқырап Әлімхан Ермеков жүрген. Алашорданың соңғы көзі! Қазақтың алғашқы математигі! Кеудесі толы – Алаш идеясы! Қазақстанды Жапонияның деңгейіне көтереміз деп ойлаған көксерек топтың бірі һәм бірегейі. Бірақ оны өзге түгілі өз қазағы да түсінген жоқ... Жетпісінші жылдары фәниден бақиға аттанғанда соңынан аз ғана ағайын шығарып салды. Қазақ Алашорданың соңғы тұяғынан көз жазып қалғанын сезбей қалды!
«Спорт – саясаттан тыс» болуы тиіс
Бүгінде спорттың саясатқа айналғанына қырық жылға жуықтап қалыпты. АҚШ-тың 1980 жылғы Мәскеу Олимпиадасына бойкот жариялап, оны бірқатар капиталистік қоғам елдерінің қостағаны белгілі. Есесіне 1984 жылы АҚШ-та өткен келесі Олимпиадаға КСРО бастаған социалистік елдер қауымдастығы бойкот жариялап, Лос-Анджелес Олимпиадасынан бас тартқаны мәлім. Ал бұл қадамдардың ар жағында «қырғи-қабақ соғыс» туындатқан саяси текетірес тұрғаны айтпаса да түсінікті болатын.