Астана қаласында Білім және ғылым министрінің қатысуымен 2018 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Жыл сайын өткізілетін конкурсқа республикамыздың 80 жоғары оқу орнынан 481 үміткер қатысты.
Тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған шаралар бекітілді
Кеше Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде берген тапсырмаларын іске асыру барысы қаралды.
Камс Камуабо Ұлыбританиядан Қазақстанға осыдан алты жыл бұрын келіпті. Қазақтың елі де, жері де, тіпті тілі де ұнап, өз тереңіне қалай тарта жөнелгенін байқамапты. Алғаш Семей қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде еңбек етіп жүргенде қазақ тілін үйрене бастаған ол бүгінде Ақтау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде физика пәнінен сабақ береді.
Tarıhyna úńilsek, Alǵys aıtý kúni Qudaıǵa raızashylyq bildirý kúni retinde alǵash Amerıkada atalyp ótip, keıin eńbekqor elderdiń kópshiligi ózine úlgi etip, birtindep memlekettik merekege aınaldyra bastaǵan. Astyqty aman-esen jınap alyp, rızyqqa kenelgeni úshin Jaratýshyǵa rızashylyq bildirigisi kelgen amerıkalyqtarǵa qarasha aıynyń sońǵy beısenbisin arnaıy belgilep berip, resmı túrde toılaýǵa ruqsat etken meıramnyń qadamy rasynda qut boldy.
Қазақстан • 01 Наурыз, 2019
Қазақстан Ислам ынтымақтастығы ұйымымен жұмысты кеңейтуді жалғастыруда
Абу-Дабиде Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) Сыртқы істер министрлері кеңесінің 46-сессиясы жұмысын бастап, оған Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов бастаған Қазақстан делегациясы қатысуда деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.