Қашықтықтан оқыту – әлемде жаңалық емес. Тіпті, ескі технология деуге келер, себебі 1728 жылы алғаш рет АҚШ-тағы бостондық газетте пошта арқылы оқитын студенттерге іздеу салған жаңашыл мұғалім туралы жазылған. Бұл әдіс заманның талабына қарай түрленіп, біздің ғасырда «Онлайн оқыту» деген атауға ие болды. Дүние жүзіндегі белді университеттер әлдеқашан тәжірибесіне енгізген білім берудің бұл түрінің біздегі қарқыны қандай?
Қоғамымызда волонтерлердің белсенділігі жыл сайын артып келеді. Соңғы кезеңдегі тиянақты, ыждағатты іс-әрекеттері оларға жағымды көзқарасты қалыптастырары сөзсіз.
Қазақстан • 01 Наурыз, 2019
Дархан Кәлетаев жаңа қызметке тағайындалды
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевпен келісілген түрде, Үкімет қаулысымен Дархан Аманұлы Кәлетаев Премьер-Министр Кеңсесінің басшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Жастарға ресурс ретінде қарау қажет
Бүгінде әлем елдерінің 70 пайызында жастар саясаты нақтыланған. Бұл көрсеткіш жастардың проблемаларына, ұмтылыстарына және қажеттіліктеріне сай келетін заңдар қабылдау, тиімді саясат жүргізу керектігін көрсетіп отыр. Ал қазір кең қолданысқа енген «Жастар саясаты» терминінің астарында не жатыр? Бұл жөнінде белсенді жастардан құралған «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы Мұхтар Манкеевпен сұхбаттасу арқылы білуге тырыстық.