Қазақстан • 01 Наурыз, 2022
Авиаотын тапшылығы жүйелі түрде шешілуге тиіс
Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиевтің төрағалығымен азаматтық авиацияны дамыту мәселелері бойынша салалық кеңес өтті. Іс-шараға Азаматтық авиация комитетінің, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ, авиация кәсіпорындарының, «Атамекен» ҰКП, шағын авиация қауымдастығы өкілдері мен ардагерлер қатысты.
Қоғам • 01 Наурыз, 2022
Аутист-балалармен әдістемелік жұмысқа көмектеседі
Елімізде аутизмі бар балалар саны жылдан жылға артып келеді. Мұндай ерекше бүлдіршіндерді тәрбиелеп отырған ата-аналар түгілі, олармен жұмыс істейтін арнайы мамандардың өзі қазақша әдістемелік кітаптардың жоқтығынан қиналады. Жақында осы олқылықтың орны толғандай. Қазақ тілінде жарық көрген аутистерді дамытуға арналған кітаптың 3 мың данасы ерекше балалармен жұмыс істейтін педагогтерге, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау мамандарына тегін таратылмақ.
Экология • 01 Наурыз, 2022
Экологияны жақсарту – «АрселорМиттал Теміртау» назарында
Өндірісті жаңғырту, зиянды қалдықтарды азайту, заманауи тазарту сүзгілерін орнату, «жасыл белдеу» құру – экологияны жақсартуда басымдық берілетін бағыт. Бұл ретте «АрселорМиттал Теміртау» бірқатар іс-шараны жүзеге асыруда. Теміртау әкімдігінде өткен кездесуде осы бағдарламаның тиімділігі талқыланды.
Қоғам • 01 Наурыз, 2022
Жарты төбе ауылдық округі Достық ауылында Қасым Аманжолов атындағы №32 жалпы орта мектебі орналасқан. Аталған білім ордасының мектеп директоры Жамиля Амантайқызы Жолдасбекованың күнделікті өмірде ауылымызға инабатты келін атанған жайы бар.
Қоғам • 01 Наурыз, 2022
Адам өмірінің жалғасы баладан артық байлық бар ма? Көп ақша да, дүние-мүлік те байлық бола алмайды. Ал ұрпақтың жөні бөлек. Түн ұйқысын төрт бөлетін әр ана ретінде мен де бауыр етім – балаларымның аман-есен өскенін қалаймын.