Қазақстан • 02 Наурыз, 2019
Жолдарға уақытшы шектеулер қойылды
Халықаралық және республикалық деңгейдегі жолдарда 2019 жылдың 1 наурызы мен 1 сәуір аралығында уақытша бір белтемір білегіне түсетін жүктемесі 8 тоннадан артық автокөлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлады Қызылорда облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі.
Әлем • 02 Наурыз, 2019
Анкарада Алғыс айту күні аталып өтті
2019 ж. 1 наурызда Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшілігінде Алғыс айту күні аталып өтті. Іс-шара шеңберінде Елшіліктің қолдауымен қоғам қайраткері, белгілі публицист марқұм Сағат Әшімбаевтың «Әдеби сын мақалалар» және танымал жазушы Шәрбану Бейсенованың «Бір махаббат баяны», «Сүзгенің соңғы күндері» «Бозоқ аруы» атты түрік тіліне аударылған туындыларының тұсаукесері ұйымдастырылды.
Әлем • 02 Наурыз, 2019
Пәкістанның үстінен ұша алмайсыз
Пәкістанның Азаматтық Авиация Әкімшілігінің ақпаратына сәйкес, елдің әуе кеңістігі 2019 жылдың 4 наурызына дейін жабық болып қала береді, деп xабарлайды «Эйр Астана» авиакомпаниясы.
Аймақтар • 02 Наурыз, 2019
Әрбір алматылықтың Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде шоты бар
Қазіргі уақытта Алматы қаласының 186 214 тұрғыны болашақта үйлі болу үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде қаражат жинақтауда. Бүгінде олардың шотындағы қаражат мөлшері 108,8 млрд теңгені құрайды. Жыл басынан бері 1 000 қала тұрғыны қоныс тойларын атап өтті. Олардың арасында Алматы қаласының тұрғыны Күнім Әлжанова да бар. Зейнеткер Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің көмегімен қаражат жинап, өз немересіне Астана қаласында пәтер сатып алды.
Қазақстан • 02 Наурыз, 2019
Қазақстандық дипломат ИЫҰ Бас хатшысының орынбасары ретінде ант берді
Бүгін, 2019 жылғы 2 наурызда Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің 46-шы сессиясы барысында қазақстандық дипломат Асқар Мусинов ИЫҰ Бас хатшысының орынбасары ретінде ант берді. Бұл лауазымда ол ислам әлеміндегі ғылым және теxнологияларды дамыту саласындағы мәселелерге жауапты болады.