Қазақстан • 01 Наурыз, 2023
Осыдан бірер күн бұрын отандық жүк көліктерінің Польша территориясында қаңтарылып қалғаны туралы ақпарат тарады. Польша өз шекарасы арқылы транзит жолын жапқаннан кейін 150-ден астам қазақстандық жүк көлігі қозғала алмай қалды. 21 ақпаннан бастап Варшава уақыты бойынша сағат 19.00-де Польша-Беларусь «Кукурики-Козловичи» шекаралық өткелінде жүк көліктерінің қозғалысына тыйым салынған. Олар – Еуроодақ елдерінен Қазақстанға түрлі тауар әкеле жатқан көліктер. Аталған тыйым Польша Республикасы және Еуропалық Одаққа мүше елдер, Еуропалық еркін сауда қауымдастығы (Eat), Еуропалық экономикалық кеңістік туралы келісімге мүше елдерге және Швейцария Конфедерациясында тіркелген көлік құралдарына әсер етпейді. Мәселенің мәні ЕО-ның РФ-ға қарсы жариялаған 10-шы санкциялар пакетінде жатқаны да жасырын емес.
Қоғам • 01 Наурыз, 2023
Қоғамның қайырымды бола бастағанына қуануымыз керек. Бұл адамдардың бойында мейірімнің артқанын білдіреді. Әрі ел ішіндегі қайырымдылық қағидатына иек артқан ортаның қалыптасуы біздің әлем алдындағы абыройымызды да арттыра түспек.