Халық • 01 Наурыз, 2023
Маңғыстауда биылғы 1 наурыз шынымен-ақ жұрттың жаппай бір-біріне алғыс айтатын күн ретінде атап өтілмек. Маңғыстау облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Базаралиеваның айтуынша, «Алғыс айту» күніне орай өңірде 100-ден астам мәдени іс-шара ұйымдастырылады.
Сайлау • 01 Наурыз, 2023
Сайлауға қатысты семинар-кеңес
Орталық сайлау комиссиясының мүшелері Константин Петров пен Сәбила Мұстафина Парламент Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу бойынша семинар өткізу үшін Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарына барды.
Өнер • 01 Наурыз, 2023
Өмірде де, өнерде де бір шаңырақ астында
Қоржынында баға жетпес шығармашылық қазына мен халық дәстүрінің игілігі жинақталған, жетпіс жылға жуық тарихы бар мемлекеттік «Салтанат» ән-би ансамблі Алғыс айту күніне орай «Шын жүректен» атты концерт ұйымдастырды. Үлкен сахнадан түрлі ұлт арасындағы достықты, бірлік пен татулықты насихаттайтын ұжым осылайша бірлік үнін жолдады.
Денсаулық • 01 Наурыз, 2023
Орфандық науқастарға алғашқы операция жасалды
Әрбір он мың адамның біреуінде ғана кездесетін кеселдер бар. Алайда соған қарамастан сирек кездесетін дерттердің түрі тіпті көп, әлемде тұқым қуалайтын орфандық аурулардың 7 мыңнан аса түрі табылады. Оның ішінде медицина тіліндегі «буллезды эпидермолиз» дейтін туабітті тері кеселі көбінесе «Көбелек ауруы» деп аталады. Аты айтып тұрғандай, науқастың терісі көбелек қанаты іспетті үлбіреп әрі күлдіреп, қышып, қабыршақтанып тұрады. Өмір бойы күтімді қажет ететін күлдіреген жаралар тіпті, болымсыз жарақаттардан да, кейде өздігінен пайда бола береді.
Қоғам • 01 Наурыз, 2023
Тарихи құжаттар – замана зердесі
Еліміз үшін тарихи маңызы бар құжаттарға қатысты сөз қозғағанда, алдымен Қазақстан Республикасы Ұлттық архиві қызметкерлерінің атқарған жұмысына кеңінен тоқталған жөн. Бұл ретте олар «Архив-2025» жобасы аясында ауқымды жұмыс атқарып келеді. Биыл Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің үйлестіруімен республикалық мемлекеттік архивтер, оның ішінде Ұлттық архивтің қызметкерлері алыс және жақын шетелдерге барып, еліміздің тарихына байланысты тың материалдар мен құнды құжаттарды жинақтап, оларды елімізге жеткізген. Мәселен, Ұлттық архив мамандарының тобы Германиядағы Федеральды архивте, Пруссия мәдени мұрасының құпия мемлекеттік архивінде, Стази архивінде, Дрездендегі «Саксондық мемориалдар» қорының құжаттама орталығында, Дрезден қалалық Орталық мемлекеттік архивінде өнімді жұмыс істеді.