Қазақстан • 02 Наурыз, 2019
Түркістан өңірінде орман алқабы ұлғаюда
Түркістан облысында Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығымен 2017 жылдың 1 шілдесінен сексеуіл сүрегін саудалауға тыйым салынған болатын. Алайда сексеуіл отынының табыс көзіне айналып бара жатқандығы ескеріліп, шығарылған бұйрықты орындамайтындар табылуда. Мысалы құқық бұзушы 12 азаматқа өткен жылы құзырлы органдар тарапынан әкімшілік айыппұл салынған.
Қысқы спорт • 02 Наурыз, 2019
Допинг індетінен құтылу қиын болып тұр
27 ақпанда шетелдік ақпарат құралдары «Австрияның Зеефельд қаласында шаңғыдан өтіп жатқан әлем чемпионаты барысында допингке қатысты ережені бұзғаны үшін бірнеше спортшының ұсталғаны және солардың арасында қазақстандық Алексей Полтораниннің де болғаны» жайында ақпарат таратты.
Әлем • 02 Наурыз, 2019
Қазақстан Ислам ынтымақтастығы ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 46-шы отырысына қатысты
Абу-Даби қаласында Ислам ынтымақтастығы ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің (ИЫҰ) 46-шы отырысы өтті. Іс-шараға Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов бастаған Қазақстан Республикасының ресми делегациясы қатысты, деп хабарлады ҚР СІМ ресми сайт.
Үкімет • 02 Наурыз, 2019
Асқар Мамин Астананың шеткері аймақтарын аралады
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Астана қаласына жақын маңда орналасқан елді мекендерді аралады. Онда елорданың шеткері аймақтарында тұратын халықтың мәселелерін шешу барысымен танысып, әлеуметтік және көлік инфрақұрылымын жаңғырту үдерісін тексерді. Бұл туралы ҚР Премерь-министрі ресми сайтында жарияланды.
Аймақтар • 02 Наурыз, 2019
Қостанайда Түркістан облысының делегациясы іскерлік сапармен болып қайтты
Делегацияны Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ербол Тасжүреков басқарып келді. Бұл сапар Қостанай облысының өңірге инвестиция тарту тәжірибесімен алмасуды, ауыл шаруашылығы техникаларын және қала ішілік жолаушылар автобустарын сатып алу келісімдерін жүргізуді және өңіраралық кооперация шеңберінде ынтымақтаса жұмыс істеуді жолға қоюды мақсат тұтыпты.