Экономика • 01 Наурыз, 2022
Рубльдің «салқыны» теңгеге тимейді
Ресейдегі қаржы ахуалдың нашар боларын жексенбінің кешінде, әлемнің көптеген мемлекеті оларды оқшаулай бастағаннан-ақ (Орталық банк активтерінің бұғатталуы, Еуроодақ санкциялары) байқаған едік. Айтқандай, жаңа апта рубль үшін аса ауыр соққы болды. Ресей валютасы тарихында болмаған құлдырауға ұшырап, 1 доллар 100 рубльден асып кетті.
Экономика • 01 Наурыз, 2022
Күмәнді аударым қалай анықталады?
Қазақстандық банктерге тағы бір міндет жүктелуі мүмкін. Ол – кәсіпкерлік қызмет түрінен түскен табысқа ұқсайтын жеке тұлғалар аударымдары жайлы мемлекеттік кірістер комитетіне хабарлап отыру. Осы мәселені негіз еткен құжат «Ашық үкімет порталында» жария етілді. Қоғамдық талқылау 2 наурызға дейін жалғасады.
Әдебиет • 01 Наурыз, 2022
Қайта өрлеудің құндыз жағалы қамқа тонын желбегей жамылып, қажыған, қамыққан, кексе тартқан, дерт меңдеген кісі көз ұшында ұзап барады. Ұзақ қыстан ұзап барады. Ұзаған сайын қарауытып, қамқа тоны сыпырылып түсіп барады...
Өнер • 01 Наурыз, 2022
Әлемге қонған мейірімді түстеп көрсет десе, көз алдыңызға анаңыздың бейнесі келері анық қой. Бар ізгілікті аядай құшағына сыйдырған мейірім иесінің аялы алақанында жан жылуы бар.
Кино • 01 Наурыз, 2022
21 фильмнің тағдыры – көрерменнің қолында
Шешімінің табылуы тұйыққа тіреле берсе де, «Қазақстан кинематографиясы қайда бет алып барады, деңгейі қандай?» деген сұрақтың қоғам алдында бір қойылуы ескі әдет, қалыпты дағды. Ал оның деңгейіне түсірілген фильм ғана өлшем бола алады.