Пікір • 02 Наурыз, 2022
Сенімге ие болу үшін құрғақ уәде қажет емес
Бүгін партия Amanat деген жаңа атаумен жаңғырудың жауапкершілігі мол ашық алаңына қадам басты. Партия Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы өз сөзінде партияның атауын ауыстыру – қабырғадағы жазуларды алмастыру ғана емес, жаңа тұғырнама, жаңаша жұмыс нәтижесі арқылы халықтың шынайы сенімі мен құрметіне ие болу екенін ескертті.
Пікір • 02 Наурыз, 2022
Халқымызда «Аманатқа қиянат жасамау» қағидаты өмірлік темірқазық ұстанымға айналған. Аманат сөзінің мағынасы тереңде. Бабадан қалған жер де, атадан мұра болған тіл мен өнер де, мәдениет, әдебиет, тарих бәрі-бәрі жаһанданудың ызғарынан сақталып келесі ұрпаққа тұтас жеткізу – аманат. Бұл партиямыздың ендігі аумалы-төкпелі замандағы негізгі міндеті. Бүгін Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХІІ съезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев партияның Мәжілістегі Фракция жетекшісі Ерлан Қошановтың партия атауын «Аманат» деп ауыстыруын қолдады.
Пікір • 02 Наурыз, 2022
Партияның негізгі күші – халық
Nur Otan партиясының кезектен тыс съезі өтті. Партия бұдан былай «Аманат» деп аталатын болды. Сондай-ақ съезде басқа да өзгерістер таныстырылды.
Пікір • 02 Наурыз, 2022
Партияның кезектен тыс съезінде ұйымның атауы ғана өзгертіліп қоймай, тың серпіліс алып келетін заман талабына сай тәсілдер мен жаңа реформалар жарияланды.
Пікір • 02 Наурыз, 2022
Айтылған бастамаларға – басты назар
Менің ойымша, қоғамның басты назары қай кездегідей партияның аты өзгергеніне ауып отырған сияқты. Негізі бірінші кезекте Президент айтқан бастамаларға назар аудару керек.