Аймақтар • 02 Наурыз, 2022
Қызылордада азық-түлік неге қымбат?
Бұл өзі дүркін-дүркін көтеріліп жүрген ділгір мәселе еді. Әсіресе соңғы уақытта базарлар мен сауда орындары сөресіндегі азық-түліктің қай түрінің де құны көтеріліп, баға шіркін жалына қол тигізбей аспандап-ақ тұр. Көпшілік кешегі қаңтардан кейін газ бен жанар-жағармай бағасының тұрақталғаны базар нарқына да әсер етеді деп күткен. Бірақ үміт ақталмады, керісінше кейбір тауарлардың бағасы еселене түсті.
Қоғам • 02 Наурыз, 2022
Қасиетті Қазақстанымыз аман болсын!
Соңғы алты жыл бойы еріктілер қатарында қайырымды іспен тұрақты айналысып келемін. Осы уақыт ішінде «көп түкірсе көл» болатынына, бірлігі бекем елдің болашағы жарқын болатынына көзім әбден жетті.
Аймақтар • 02 Наурыз, 2022
Бұл оқиға былтыр жаңа жылдың қарсаңында болған еді. Кешқұрым Нұр-Сұлтан қаласынан Павлодар шаһарына жол тарттым. Туысқандармен жаңа жылды бірге қарсы алуға асыққаным соншалық, көлігімнің жылдамдығын шамадан тыс асырып жібергенімді байқамаппын. «Асыққан – шайтанның ісі» екенін кейін ұқтым...
Қоғам • 02 Наурыз, 2022
Алғыс – барлық ізгі істің бастауы
Алғыс айту – бұл қоғам мүшелерінің Алладан, адамдардан, табиғаттан алған жақсылықтарына оң жауап беру мүмкіндігін беретін игі амал. Көптеген зерттеуде алғыс айту адам бойындағы ең маңызды қасиеттердің бірі ретінде айқындалған. Алғыс айту психологиялық, тұлғааралық, жеке және физикалық тұрғыда пайда әкелетіні дәлелденген. Ежелгі Римнің саяси қайраткері Цицерон алғыс айтуды барлық ізгі істің бастаушысы, негізін салушысы деп түсінген. Ғасырлар бойы философтар мен жазушылар Цицерон пікірімен келіскен секілді, олар алғыс білдіруді ізгілік ретінде қарастырып, жақсылықты бағаламауды, рахметі жоқтықты моральдық кемшілік ретінде қарастырды.
Аймақтар • 02 Наурыз, 2022
Махамбет ауданында Бейбарыс деген ауыл бар. Бұрынғы атауы Чкалов еді. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін өзгерді.