Аймақтар • 02 Наурыз, 2022
Диқандарда дамыл жоқ. Бірі техникасын жөндесе, кейбіреуі қолдағы тұқымын зертханаларға өткізуге асық. Арзандатылған жанар-жағармайды алуға құжаттарын реттеп жатқандары да аз емес. Қысқасы, жылдағы маңызды науқанға дағдыланған шаруалардың аяқалысы тәуір. Бәрі мол өнімнен үмітті.
Спорт • 02 Наурыз, 2022
Қазақстан Норвегиямен кездеседі
Теннистен Қазақстан ұлттық құрамасы кейінгі жылдары жаңа форматтағы Дэвис кубогының финалдық бәсекесінде үнемі өнер көрсетіп келе жатқаны белгілі. Жерлестеріміз биыл да бас жүлде үшін өтетін бәсекеден үмітті. Ол үшін Александр Бублик пен Михаил Кукушкин бастаған жерлестеріміз осы аптадағы жарыстың іріктеу кезеңінде Норвегия құрамасын жеңуі тиіс.
Спорт • 02 Наурыз, 2022
Санға емес, сапаға басымдық беретін уақыт жетті
Қазақстан спортшылары жақында Бейжіңде өткен Қысқы Олимпия ойындарын жүлдесіз аяқтағаны белгілі. Төрт жылда бір келетін басты спорттық бәсеке біз үшін тарихымыздағы ең сәтсіз Олимпиаданың бірі болды. Еліміз Тәуелсіздік алғалы бері 2002 және 2006 жылғы Қысқы ойындардан қоржынымыз бос қайтқан еді. Енді бұлардың қатарына Бейжің Олимпиадасы қосылды. Қазіргі таңда спорттың басы-қасында жүрген жауапты адамдардың жұмысын осыған қарап-ақ бағалауға болатындай. Қазақстан Олимпия ойындарында спорттың 8 түрінен барлығы 34 спортшы апарды. Ең жоғары нәтижеміз – Абзал Әжіғалиевтің 4-орны. Үздік ондыққа кіргендердің арасында Әділ Ғалиахметов (шорт-трек), Денис Никиша (шорт-трек), Дмитрий Рейхерд (фристайл-могул) және аралас эстафетаға қатысқан шорт-трекші қыз-жігіттеріміз бар.
Аймақтар • 02 Наурыз, 2022
Игерілмеген жер қайтарып алынды
Көктем ерте келетін Түркістан өңірінің тұрғындары малын өріске шығара бастады. Бұл орайда облыстың кей аудандарында жайылым мәселесі өте өзекті. Дегенмен мәселені шешудің тиімді жолдары қарастырылуда. Мысалы, Бәйдібек ауданында әкімдік пен аудандық прокуратура тарапынан жүргізілген түсіндіру жұмыстары нәтижесінде жерді пайдаланушылар мен ауыл тұрғындары игі бастаманы жүзеге асыруда.
Аймақтар • 02 Наурыз, 2022
Егін шаруашылығы дамыған өңірлердегі жайылым тапшылығы көптен шешім таппай келе жатқаны жасырын емес. Мәселен, Қостанай облысының солтүстік аудандарындағы бай алқаптардың арасында мал жаятын отты жер таба алмай тарығып отырған елді мекендер әлі де азаяр емес. Бұл ауылдарда тұрып жатқан адамдардың әл-ауқатын арттыру үшін ең бірінші кезекте мал өрісін кеңейту керек екені белгілі.